Интернет-алаяқтықтарға қандай жаза түрлері қарастырылған?

ҚР ІІМ ақпаратына сүйенсек, елімізде алаяқтық жолмен жасалатын қылмыстың үлес салмағы өсіп келеді. Дегенмен бұл тұрғыда құқығыңызды қорғайтын заңның бар екенін ұмытпаңыз. Тек дер кезінде арызданып, шағым түсірсеңіз болғаны. Интернет-алаяқтық – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады. 
Елімізде көп кездесіп жүрген алаяқтық түрлеріне: интернет-дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон-алаяқтық, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар жатады. Ғаламторды торуылдайтын алаяқтардың сипаттары қандай? Интернет-алаяқтықпен айналысқан адамдарға қандай жаза түрлері қарастырылған? Ақпараттық жүйелерді пайдаланып алаяқтық жасайтындарға алданып қалмау үшін не істеу керек?
Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Ғаламтор біздің өмірімізде үлкен орын алады. Онда кіші баладан үлкен апаларымызға дейін отырады. Ғаламторсыз өмір жоқ секілді. Оның пайдасы да көп. Екінші жағынан зияны да бар. Ол қылмыс жасау мүмкіндігі. Ғаламтор жүйесінде алаяқтар көп. 
Қылмыскерлер поштаға автокөлік, сыйлық ұтып алу туралы түрлі хабарлама жіберіп, қаражат сұрайды. Ал оны алу үшін салық аударуды сұрайды. Халық сеніп, ақша аударып, алданып жатады. Онымен қатар қазір дамып жатқан интернет-дүкендер. Адам тауарға тапсырыс береді. Ал ол тауар не болмайды, не сапасы төмен болып шығады. Алаяқтықтың тағы бір түрі — жалған ауруды айтып, қаржы жинау. Адамдар жаны ашып, жалған шоттарға ақшасын аударады. Бұл қылмыскерлер IT мамандары арқылы әшкереленіп, ҚР ҚК сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оларға қылмыс санатына байланысты жаза қолданылады.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *