СПОРТТАҒЫ ЖЕҢІС – БІРЛІКТЕГІ БЕРЕКЕ!

5 маусымда Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде Ұлытау облысының қалалары мен аудандары мәслихаттарының депутаттары, мәслихат аппараттарының қызметкерлері және Қоғамдық кеңес мүшелері арасында IV облыстық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Дәстүрлі спорт мерекесінің ашылу салтанатында Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, спорттың достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөліне тоқталды. Іс-шараға Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов та қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Облыстың қала және аудан мәслихаттарынан жасақталған командалар спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, жоғары дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тартысқа толы жарыс барысында қатысушылар өзара сыйластық пен достықтың, ауызбіршілік пен командалық рухтың үлгісін танытты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығын нығайтудың және қоғамдағы бірлікті бекемдеудің маңызды тетігі» деп атап өткен болатын. Облыстық спартакиада осы маңызды міндеттің нақты көрінісіне айналып, әріптестік байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуге өз үлесін қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:

І орын – Жаңаарқа ауданының командасы;

ІІ орын – Ұлытау облысының мәслихаты командасы;

ІІІ орын – Жезқазған қаласының командасы.

Жаңаарқа ауданы командасының жеңісі – ұйымшылдықтың, табандылықтың және ортақ мақсат жолындағы бірліктің нәтижесі. Аудан намысын абыроймен қорғаған барлық команда мүшелеріне шынайы алғысымды білдіреміз.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, барша қатысушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!

Жаңаарқа – үш мәрте чемпион!

Хетрик-тарихи жетістік!

Тек қана алға!

Қ. Матин,

Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *