Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты. Бір ауыздан Президент Жолдауын қолдаймыз.

2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент бір бағытқа немесе басқа бағытқа басымдық берместен, барлығын теңдей нақты белгіледі. Сыртқы және ішкі саясат сондай-ақ, әлеуметтік-саяси блоктың дамуы да тепе-теңдік нүктесінде. Бұл ретте салық салынатын базаны арттыруға, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, шағын орта бизнес өсуі үшін барынша жағдай жасауға және қайта өңдеу өнеркәсібіне баса назар аудару күтпеген жағдай болып табылмайды. Мемлекет басшысы басынан бастап осы бағыттарға көңіл аударып, ел дамуының өз көзқарасын, сайлауалды тұғырнамасын және қоғамға берілген нақты уәделерді жоспарлы түрде жүзеге асыруды жалғастыруда. Сонымен қатар, инвестицияларды тарту қажеттілігінің артында маңызды міндет – энергетикалық, көліктік-логистикалық, коммуналдық және тұрғын үй инфрақұрылымын жаңарту тұрғанын түсіну маңызды екенін айтты. Архив ұжымы бір ауыздан Президент Жолдауын қолдайды.

К.ЖАКУПОВА,
аудандық архивтің бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *