Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады


Атом электр стансасын салу мәселесіне бойынша жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі, экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет деп ойлаймын.

Еліміздегі маңызды мәселелерді халық болып бірге шешейік.

Алдағы референдумға әрбір қазақстандық қатысып, еліміздің дамып, алға басуына, атом стансасын салу туралы пікірді қолдайды деген ойдамын.

Ізтілеуов Дәурен Жаңаарқа ауданының Мәслихат депутаты 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *