2023 жылдың 29 – маусым күні аудан әкімінің орынбасары Әсет Аманжоловтың аудан жастарымен кездесуі өтті .
Еркін форматта пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуге аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округтердің белсенді жастары, жас мамандар, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Кездесу аясында Әсет Жұмажанұлы аудан әкімінің қолдауымен жастарға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, жақын арада Талдықорған қаласында жергілікті атқарушы органдар арасында өткен Республикалық спартакиадада қазақ күресінен жүлделі 3 – орын алған Ибраев Жасұланды құттықтап, жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. Жиынға қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан әкімінің орынбасарымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін, алған білімдері мен күш-жігерлерін ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі