2024 жылы 2 қыркүйекте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталды. Осы жылы еліміздің экономикасы тұрақты дамып келе жатыр. Қазіргі таңда, экономикалық өсу деңгейі сақталып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Сондықтан, экономикамызды нығайту, инновациялар енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру – біздің ортақ мақсатымыз. Біз әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайту жолында жүйелі жұмыстар атқаруымыз керек. Сонымен қатар, жастар ретінде, біз инновациялар мен заманауи технологияларды дамытуға белсенді түрде қатысуға дайынбыз. Экономиканың әртараптандырылуы, шағын және орта бизнесті қолдау, жас кәсіпкерлерге жағдай жасау — еліміздің болашағы үшін маңызды қадамдар деп санаймыз. Бізге жастарға жұмыс орындары мен даму мүмкіндіктерін көбейту, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету маңызды. Бірлігіміздің арқасында экономикамыз қарқынды дамып, жетілуі біздің қолымызда!

Даурен Изтулеуов, Мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *