«Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет»

Президенттің жолдауда айтылған бастамалары мен ұсыныстары салық жүйесін қайта жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдауға, ауыл шаруашылығы саласын қолжетімді несиелеуге, әділ және тиімді тарифтік саясатқа, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, білікті кадрлар даярлауға, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Президент Қ.Тоқаев 2024 жылы 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді. Осы орайда халық өз таңдауларын жасайды. Қазір әлемде энергия тапшылығы болғандықтан, экологиямызға еш зиянын тигізбейтін таза жоба. Президентіміз «елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет» деген болатын. Сондықтан, әр халықтың таңдауы маңызды деп білеміз. Жолдау көптеген өзекті мәселелерді шешуге және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:  Абжанов Амангелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *