Отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы.

2024 жылдың 15 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Оның басты мақсаты әйелдер мен балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заң мыңдаған әйелді абъюзивті қарым – қатынастан шығуға итермелейді, оларға құқықтық қауіпсіздік пен қашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әйелдерге өмір сүруге және озбырлықтан арылуға көмектеседі. Зорлық – зомбылық үшін, оның ішінде отбасылық – тұрмыстық салада жауапкершілік арттырылды.
Қоғамдық пікірді ескере отырып, деңсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрыпсоғу қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұрын адамды азаптау үшін жауапкершілікке тарту үшін ұрып – соғу мен басқа да зорлық – зомбылық әрекеттерінің жүйелілігін дәлелдеу қажет болатын. Енді жәбірленушіні азаптау мақсатында ерекше қатыгездікпен, қорқытумен жасалған зорлық – зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілікті анықтайтын нормалар енгізілуде. Сонымен бірге, зорлаушының кінәсін дәлелдеу кезінде жәбірленушінің өз атына осындай зорлық – зомбылықты жүйелі түрде сезінуі талап етілмейді. Отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заң әйелдерге қатысты зорлық – зомбылық көрсеткені үшін жазалау шараларын күшейтеді. 
Атап айтқанда, қазір денсаулыққа қасақана орташа және ауыр зиян келтіргені үшін тек 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал, бұрын айыпталушының бостандығы тіптен шектелмеуі мүмкін еді. Сонымен қатар, азаптау үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді 2 жылдан 3 жылға дейін, ауырлататын жағдайларда 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделуде.
Балаларға қарсы зорлық – зомбылықтың кез келген түрін көрсету жауапкершілігі едәуір күшейтілді. Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандарға қарсы денсаулыққа зиян келтіруден бастап ұрлау мен өлтіруге дейінгі қылмыстардың тізбесі жүйеленген және нақты анықталған. Мұндай әрекеттерді жасаған адамдар татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатыла алмайды.
Яғни, Заң күшейді тәртіп жүйеленді. Өз құқықтарымызды қорғап, заңды меңгеріп жүрейік. Отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылыққа жол бермеу әрқайсымыздың міндетіміз.

Г.Н.ҚАСЕНОВА,
Жаңаарқа аудандық сот әкімшісінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *