Санамызды серпілтті
Заман түлкі болғанда, тазы болмай
Биік қырдан алдағы аса алмаспыз!
М.Жұмабаев
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы- әркез атқарылған еңбекке әділ сын, алға қойылған мақсаттарға дара жол. Осы дәстүрден ауытқымастан, Қазақстан Республикасының Президенті Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары атты Қазақстан халқына жолдауы тарту етілді.
Жемісті еңбек ол жөнінде жер салуды да ұятты етпейді. Осыған дейінгі Жолдауында мемлекет басшысы бірқатар бастамалар жөнінде уәде беріп, халық көңілі мен кіріптар күйзелісінің айызын қандырған болатын. Бірақ6 қысқа-ақ уақыт ішінде еліміздің басшысы Қ.Тоқаевтың әр сөзі әлді екеніне әр азамат көз жеткізді десек, артық айтқан болмаймыз. Мәселен, ұстаздар еңбек ақысы екі есеге дейін артқан болса, дәрігерлердің жалақысы еліміздегі орта еңбек көлемдерінен асып түседі. Азаматтар зейнетақы жинақтарының бөліктерін іске жаратуға мүмкіндік алып, баспана мәселелеріне шешімін тапты.
Мемлекет иелігіне 8 миллион гектар жер телімдері қайтарылды. Елімізде күрделі реформалар орын алып, олардың бірқатары оң нәтиже беріп үлгерді.
Ал қыркүйектегі халыққа жолдауында Президент еліміздің экономикалық дамуын бағдарының қағидаларын нақты нұсқады.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету еліміздің туристік мүмкіндігін, отандық өнім шығару қабілеттілігін, тау-кен сектор үдерісін барынша пайдалануды, қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің барынша жетілуін, агрокәсіпте алға ұмтылуымызды, энергетика саласында халықаралық тәжірбиеге бай «жасыл» экономика өзегіктілігін, технологиялар прогрессінінен кеш қалуға жол берілмеуді іске асыруда барлық мемлекеттік билікпен азамттық қоғам өкілдеріне бойтүзеп тапсрыма етіп жүктелді.
Бұл мақстаттардан өзге Ұлттық қор қаражатының нәтижелі мақсатқа пайдаланылып, ел әл-ауқытын септігін тигізу функциясын қамтмасыздандыруға ерекше назар аударылды.
Кіріс бар жерде шығыс бар екені барлығыңызға мәлім. Осы тұста мемлекеттік салық салу саясатының бірізділігі заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, бұл жүйе талаптарынан жалтарушылар жауапкершілігін де оңалту мәселелері сөзге түртпе болды.
Аса ірі мақсаттар білім беру мен тұлға қалыптастыру үрдістеріне қатысушы қоғамдық институттарға жүктеледі, әр баланың бақытты әрі қауіпсіз балалық шаққа құқылы екендігі тілге тиек болды.
Ел Президенті кәмелетке толмағандарға қасы кез келген зорлыққа жаза күшейтілуін талап етті. Одан бөлек, өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы да елеусіз қалған жоқ. Білім беру ұйымдарында психолгиялық қолдауды қолға алу қажеттілігі, бірыңғай сенім телефонын енгізу және зорлықпен буллингке қарсы бағдарламалар қарастыру қажеттіліктері жүктелді. Сонымен қатар демография даму аясында білім берумен қамту көлемі де артта түскеніне назар аударылды.
Жоғарыдағы мақсаттардың барлығы мемлекеттік билік аппаратының беткейлі және тежеулі жұмыс істеу мысалдары түбегейлі жойылса ғана жүзеге асырылатындығы мемлекет басшысының қырағылығы мен әділ саясаткерлік қасиеттеріне дәлел болып табылады.
Барлық ел азаматтары, әсіресе жастар, өздеріне тиесілі еңбек талап пен ең адал қасиеттерді қоғам құндылықтары ретінде пайдаланып, Әділ Қазақстан құрылысына бірден бір қатысушы болуы тиіс екендігі әрқайсымыздың санамыздағы рухани сертке айналуы керек.
Аяшова Айкүн Мақсұтқызы,
«Сәтбаев қаласы жастар
ресурстық орталығының» бөлім маманы