РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШ МЕРЕКЕСІ
Бұл күн – ел еркіндігі мен мемлекеттік дербестіктің бастауы.
1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация» тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам болды. Осы құжаттың қабылдануы халқымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуына жол ашты.
Республика күні – ел бірлігін, ұлттық рух пен азаттықты дәріптейтін мереке. Бұл күн бізге еркіндік пен елдік ұғымының қадірін ұқтырады.
Тәуелсіз ел атану – үлкен жауапкершілік пен ұлт болашағына деген сенімнің белгісі. Сол жолда халқымыз еңбекқорлығымен, ынтымағымен және бірлігінің күшімен биік белестерді бағындырып келеді.
Еліміздің әрбір жетістігі – сол егемендіктің жемісі. Бүгінгі Қазақстан – дамудың даңғыл жолына түскен, бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен мемлекет.
Біз тәуелсіздіктің арқасында өз шекарамызды айқындап, өз Конституциямызды қабылдадық. Мемлекеттік рәміздеріміз – елдігіміздің айғағы, бірлігіміздің нышаны.Республика күні – жас ұрпаққа ел мен жердің қадірін ұқтыратын, отансүйгіштікке тәрбиелейтін мейрам.
Бұл мереке – өткенге тағзым, болашаққа сенім ұялататын ұлық күн. Біз ата-бабалар аманатына адал болу арқылы еліміздің еңсесін биік ұстаймыз.
Бірлік пен татулық – егемендіктің басты тірегі екенін әрқашан есте сақтаймыз. Қазақстанның әр азаматы өз еңбегімен ел дамуына үлес қосуы тиіс.
Бүгінгі мереке – барша халықтың ортақ қуанышы, ұлттық мақтанышы. Егемен еліміз өркендеп, бейбіт аспанымыз ашық болсын! Республика күні құтты болсын, қадірлі отандастар!