РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ БАСТАУЫ

25 қазан – халқымыз үшін тарихи әрі ерекше маңызы бар күн.
Бұл күні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ел тағдырында жаңа парақ ашылды. Сол сәттен бастап қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы – дербес мемлекет болу мұраты жүзеге аса бастады. Республика күні – тәуелсіздік жолындағы табандылық пен ел бірлігінің көрінісі.
Бұл мереке бізге өткеннің өнегесін еске салып, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Егемендіктің алғашқы қадамы ел дамуының берік негізін қалады.
Бүгінде Қазақстан – тұрақты даму жолына түскен, беделі жоғары мемлекет. Осының бәрі ел азаматтарының бірлігі мен ортақ мақсатының арқасы.Республика күні – тек тарих беттеріндегі күн емес, бұл ел рухын көтеретін мереке.
Әр қазақстандық осы күні өз елінің жетістігіне мақтанышпен қарайды. Бірлік пен ынтымақ – мемлекетіміздің ең басты тірегі болып қала береді. Тәуелсіз елдің тағдыры – әр азаматтың жүрегіндегі Отанға деген сүйіспеншілікте.
Республика күні – елдік рухты асқақтатып, ұлтты ортақ мақсатқа біріктіретін мерейлі мейрам. Бүгінгі ұрпақ сол егемендік жолындағы батыр бабалар аманатына адал болуға тиіс.
Мерекеміз құтты болсын! Еліміз аман, көк туымыз мәңгі желбіресін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *