Қазақстанда қаржы заңнамасына реформа жасалмақ
Қазақстанда қаржы заңнамасына реформа жасалмақ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қазақстанда қаржы заңнамасын реформалаудың үлкен пакеті дайындалуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Ол Ұлттық Банк макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыра беретінін атап өтті.
Инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін республикада дезинфляциялық саясат жүргізілмек. Ақша-кредит саясаты құралдарынан бөлек қосымша шаралар қабылданады.
✔️Алтын сатып алу шеңберінде валюталық операцияларды теңдестіру жалғаспақ.
✔️ Жеке тұлғалардың несиелері бойынша контрциклдік капитал буферін енгізу туралы шешім қабылданды.
✔️Банктер үшін міндетті резервтердің ең төменгі талаптарын арттыру жұмысы пысықталуда.
✔️ Активтерді басқару аясында Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде жоғары кірістілікке ие активтердің үлесін ұлғайту көзделіп отыр.
✔️ Қаржы секторының цифрлық трансформациясы жалғасады. Цифрлық теңгені масштабтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл цифрлық теңгені мемлекеттік қаржының жаңа бағыттарында енгізу мүмкіндіктерін пысықтауды қамтитын болады.
✔️Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің қаржы заңнамасы бойынша ауқымды реформалар топтамасы әзірленуде. Бұл топтамада банктер, төлемдер, бағалы қағаздар нарығын дамыту және басқа да мәселелер қамтылған. Оған қоса Цифрлық қаржы активтерін реттеуді және Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын енгізу жоспарлануда. Төлем нарығын одан әрі дамытуды жалғастырамыз. Аталған шаралар қаржы секторының экономиканы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға қосып жатқан үлесін арттырады, оның дәстүрлі секторларына да, жаңа салаларға да серпін береді.
➖
Реформу финансового законодательства проведут в Казахстане
В соответствии с поручением Главы государства в этом году в Казахстане готовится большой пакет реформ финансового законодательства. Об этом сообщил председатель Национального банка РК Тимур Сулейменов на заседании Правительства.
Он отметил, что Национальный Банк продолжит поддержание макроэкономической и финансовой стабильности, особенно в условиях растущей волатильности.
В республике будет проводиться дезинфляционная политика.
Помимо инструментов денежно-кредитной политики будут использоваться дополнительные меры:
✔️Продолжится зеркалирование валютных операций в рамках покупки золота.
✔️Принято решение о внедрении контрциклического буфера капитала по кредитам физлиц.
✔️. Активно ведется работа над инициативой по повышению минимальных резервных требований для банков.
✔️В рамках управления активами будет увеличиваться доля высокодоходных классов активов в Нацфонде и ЕНПФ.
✔️Продолжится цифровая трансформация финансового сектора. Будет проведено масштабирование цифрового тенге, в том числе путем внедрения в новых сферах государственных финансов.
✔️В соответствии с поручением Главы государства в этом году готовится большой пакет реформ финансового законодательства, в котором охвачены вопросы банковского сектора, платежей, рынка ценных бумаг и др. Также планируется введение регулирования цифровых финансовых активов, внедрение Национальной цифровой финансовой инфраструктуры и дальнейшее развитие платежного рынка. Это повысит вклад финансового сектора в развитие экономики и благосостояния граждан, даст толчок как его традиционным компонентам, так и новым секторам.