КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР ДҮКЕНІ – ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ

Аудан орталығында тұрғындардың қуанышына орай жаңа кондитерлік өнімдер дүкені ашылып, бүгінде ел игілігі үшін жұмыс істеуде.
“Әлихан” атты тәттілер дүкенінің иесі – аудан тұрғыны Данияр Исаханов.
Жеке кәсіпкер отбасылық кәсіпті дамыту мақсатында 30 млн теңге көлемінде қаржы салып, заманауи талаптарға сай сауда орнын іске қосқан.
Дүкен сөрелерінен кез келген дастарқанның көркін келтіретін, сапасы жоғары, тіл үйіретін түрлі кондитерлік өнімдерді кездестіруге болады.
Бүгінде аталмыш нысанда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, аудан экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.
Тұрғындар үшін дәмді тағамдармен қатар, жылы көңіл мен сапалы қызмет көрсетуді басты ұстаным еткен “Әлихан” дүкені күн сайын өз тұтынушыларын көбейтіп келеді.
Жаңа кәсіп нысанының ашылуы – аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін берген игі бастама болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *