Пресс-релиз
Ұлытау облысы Әділет департаментінің 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Ұлытау облысы Әділет департаменті өз құзыреті шеңберінде заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық түсіндіру және цифрландыру бағыттарында бірқатар маңызды жұмыстарды атқарды.
Құқықтық қызмет көрсету және азаматтарды қабылдау
• Департаментке 792 өтініш келіп түсті, оның ішінде 559 өтініш қаралып, 233 өтініш басқа органдарға жолданды.
• Мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде 12 адвокатпен келісімшарт жасалды.
• Адвокаттарға бөлінген 29 млн теңгенің 15,4 млн теңгесі игерілді.
• 359 құқықтық іс-шара өткізіліп, 27 373 адам қамтылды.
Нотариат және сот орындаушылар қызметі
• Облыста 40 нотариус тіркелген. ҚР ӘҚБтК-нің 214-бабы бойынша 9 әкімшілік іс қозғалып, 1,4 млн теңге айыппұл салынды.
• 75 609 атқару өндірісі тіркелсе, оның 43,9% аяқталған. Толық орындалғандарының үлесі – 72,9%.
• Алимент өндіріп алу бойынша 8 230 құжат орындалуда, 317 проблемалық іс анықталды.
• Сот орындаушыларға қатысты 36 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 8-іне тәртіптік жаза қолданылды.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және апостиль қою
• 93 тіркеу әрекеті жасалды, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
• 194 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде 52-сі электронды түрде. Электрондық апостиль үлесі 36%-ға жетті.
Зияткерлік меншік және «Контрафакт» шаралары
• 38 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
• Adidas және Apple тауар таңбаларына қатысты 2 әкімшілік іс қозғалып, 165 мың теңге айыппұл салынды.
• 2 географиялық нұсқама тіркелді (Ұлытау ұны, Ұлытау су), Жаңаарқа қымызы – тіркеу сатысында.
Цифрландыру бойынша жетістіктер
• «Робот сот орындаушысы» жобасы іске қосылды – халық 2 млрд теңге үнемдеді.
• «Цифрлық атқарушылық жазба» пилоттық жобасы іске асырылды.
• «Тараптар кабинеті» арқылы азаматтар істердің барысын онлайн бақылай алады.
• «Виртуалды робот-кеңесші» чат-ботына 40 мыңнан астам азамат жүгінген, оның 1 800-і – Ұлытау облысының тұрғындары.
Ұлытау облысы Әділет департаменті алдағы уақытта да құқықтық қызметтердің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және цифрлық сервистерді дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.