РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ

Республика күні – ел тарихындағы ең маңызды әрі қастерлі мерекелердің бірі. Бұл күн мемлекетіміздің дербес даму жолына түскен тарихи сәтін еске салып, тәуелсіздікке бастар жолдың айқындалған күнін білдіреді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, халқымыз өз тағдырын өзі айқындайтын жаңа дәуірге қадам басты. Сол күннен бастап еліміздің егемендігі мен азаттығы – әр азаматтың жүрегіндегі ең асыл ұғымға айналды. Республика күні – ел бірлігі мен тұтастығын, бейбіт өмір мен татулықты дәріптейтін мереке. Бұл мереке барша қазақстандықтардың жүрегінде отансүйгіштік рух пен мақтаныш сезімін оятады. Осы күндері өңірлерде мерекелік концерттер, көрмелер мен патриоттық акциялар ұйымдастырылып, халық ел тәуелсіздігін ерекше көңіл-күймен атап өтеді. Егемен елдің бүгінгі жетістігі – сол тарихи шешімнің жемісі. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан бүгінде әлемге бейбітшілік пен келісімнің символы ретінде танылып отыр. Республика күні – өткенге тағзым, болашаққа сенім мен үміттің мерекесі. Бұл күні біз ел дамуына үлес қосқан аға буынға құрмет көрсетіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелейміз. Жастар үшін бұл мереке – елдік рухты ұлықтап, Отанға адал қызмет етуге шақыратын ерекше күн. Республика күні – бірліктің, татулықтың және ел болашағына деген сенімнің нышаны. Әрбір қазақстандық осы күнді мақтанышпен атап өтіп, ел дамуына өз үлесін қосуы тиіс. Егемен еліміздің еңсесі биік, рухы асқақ болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *