Маңызды шешімдер қабылданды
Қаралым: 8

http://2024 жылғы 18 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және құқықтық салаларын дамытуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды. Отырыстың нәтижесінде 10 заң жобасы ұсынылып, 9 заң қабылданды. Олардың ішінде әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты түзетулер ерекше назар аудартады. Бұл өзгерістер енді Қылмыстық кодекске енгізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, әйелдер мен балаларға қатысты құқықбұзушылықтарға жаза күшейтілді. Бұл қадам құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттырып, қоғамдағы осал топтардың мүддесін қорғауға бағытталған.Құрылтай мүшелері сонымен қатар елдің құқықтық мәдениетін көтеру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша бастамалар көтерді. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта заңнамалық және институционалдық өзгерістерге негіз болмақ. Осылайша, Ұлттық құрылтайдың шешімдері Қазақстан қоғамының дамуына, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Мердан Атамұрат,
Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты