КАНДИДАТТАР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Әділет» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Гүлнара Загирова мен Диас Алтынбек Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, жастарды қолдауға бағытталған бастамаларға тоқталды.
Атап айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында 2031 жылға дейін 14 мың жасты жұмыспен қамту көзделген. Сонымен қатар жастардың кәсіби дамуына, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік жасау мәселелері қамтылған.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кандидаттармен пікір алмасты.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.