«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ғалым Қойшыбаев өзге де кандидаттармен бірге Қаражал қаласында сайлауалды үгіт-насихат кездесулерін өткізді.

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ғалым Қойшыбаев өзге де кандидаттармен бірге Қаражал қаласында сайлауалды үгіт-насихат кездесулерін өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған негізгі бастамалар мен Жол картасында көзделген міндеттер туралы баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген басым бағыттар мен өзекті мәселелерге тоқталды.

Кандидаттар аурухана ұжымымен ашық пікір алмасып, медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиын барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көзқарастар ортаға салынды.

Сайлауалды үгіт-насихат кездесулері алдағы уақытта да жалғасын табады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *