🇰🇿 ҮНДІСТАННАН СҮЙІНШІ ХАБАР! 🏆

Еліміздің мерейін асқақтатып, көк Туымызды биікте желбіреткен жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Үндістан мемлекетінде өтіп жатқан пара қол күресінен Әлем чемпионатында спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады! 🇮🇳🌍

🥈 Смаилов Асылхан – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!

🥇 Иманбаева Асылжан – І орын иеленіп, Әлем чемпионы атанып, алтын медальді қанжығасына байлады!

👏 Спортшыларымыздың бапкері – Ахметов Алмасқа да ерекше алғыс білдіреміз!

Бұл – тынымсыз еңбек пен табандылықтың, жігер мен жеңіске деген сенімнің жемісі. Жеңіс жолында төгілген тер мен жасалған еңбектің лайықты бағаланғаны қуантады.

Жерлестеріміздің жарқын жеңісі барша қазақ еліне ортақ мақтаныш!

Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, көк байрағымызды талай мәрте желбірете беріңіздер! 🇰🇿🏆

Сіздермен мақтанамыз! ❤️

#ЖеңісҚұттыБолсын #ӘлемЧемпионаты #ПараҚолКүресі #Қазақстан #Жерлестеріміз Мақтанышымыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *