Зиянкестерден қорғану шаралары айтылды
22 ақпан күні аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен жиналыс өткізілді. Аудандық аумақтық инспекцияның басшысы Еспол Сыздықов жүргізген жиналысқа ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау облысы бойынша РФДжБӘО РММ бас гербологы Әбеуов Ердос, ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бөлім басшысы Қалманбаев Әділжан, ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы Баядилов Ершат, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы Аманкелді Баязитов, ҚР АШМ АӨК МИК «РФД ж БӘО» РММ Жаңаарқа аудандық филиалының басшысы Мейірхан Сәдуақасов және шаруа қожалық жетекшілері қатысты.
Мамандар жасаған баяндамаларында мекеменің басты міндеттері мен мақсаттары жайында түсініктеме берді. Инспекция мамандары ҚР Өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптары бойынша фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс шараларды жүргізуге және аса қауіпті зиянды организмдердің таралуына жол бермеуге міндетті. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Зиянды организмдерге улы өсімдіктер, жәндіктер, кеміргіштер жатады. Аталған зиянкестермен күрес жөнінде толық ақпарат берілді. Инспекция көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері жөнінде баяндалды.
Жиналыс барысында шаруа жетекшілері де сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Мәселен, егер шаруа қожалық жерінде қандай да бір зиянкес түрі табылса оны өзі улауы тиіс. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия бар. Инспекция тек мемлекет қарауындағы жерлерді өңдеуге құзіретті. Шаруа қожалық жетекшілері жерді жалға алып отырғандықтан бұл жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау болуы тиіс деген уәж айтады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы бүгінде жайылымдық және шабындық жерлерде көбейіп кеткен есекмия түрі бүгінде тұрғындарды алаңдатып отырғандығы жөнінде мәселе көтерді. Арамшөпті жою үшін бұл өсімдік тізімге енгізілуі тиіс. Осы ұсыныстар мен сұрақтардың барлығы ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына берілуі тиіс. Бұл бұдан бұрын да көтеріліп жатқан мәселелер. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай жалғасатынына сендірді.
Салтанат Балтабайқызы.