Жол инфрақұрылымын дамыту – сайлауалды бағдарламаның басым бағыты
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ақжол Құрмансейіт, Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов және Нұргүл Талғатбекова Жезқазған қаласындағы теміржол вокзалының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылға арналған өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттерге тоқталды.
Атап айтқанда, экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Кандидаттар жол инфрақұрылымын дамытуға қатысты партияның жоспарларына тоқталды.
«Тұрғындардың жол сапасына қатысты сын-ескертпелері мен ұсыныстарын ескереміз. Сапалы жол – азаматтардың қауіпсіздігі мен медициналық көмекке, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің маңызды кепілі. Сонымен қатар ол өңір экономикасы мен сауданың дамуына тікелей әсер етеді», — деді Әлдібек Тәуекелов.
Сайлауалды бағдарлама аясында теміржол үстінен өтетін жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын жүргізу, «Алғабас – Шұбаркөл» бағытындағы 20 шақырым жолды салу, аэровокзал ғимаратын қайта жаңғырту және жаңа терминал құрылысын бастау, аудандық маңызы бар 50 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарланған.
Аталған жұмыстарды іске асыру арқылы 2031 жылға қарай жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 98 пайызға дейін жеткізу көзделген.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.