КАНДИДАТТАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына ұсынылған кандидаттардың сайлауалды кездесулері жалғасуда.

Бүгін партия атынан ұсынылған кандидаттар Әлдібек Тәуекелов, Абылай Жанібеков, Диас Алтынбек, Гүлнара Загирова және Нұргүл Талғатбекова Жезқазған қаласындағы медициналық орталық ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, Ұлытау облысының 2031 жылға дейінгі даму жоспарларымен бөлісті.

Атап айтқанда, партия алдағы бес жылда жыл сайын кемінде 111 мың шаршы метр тұрғын үй салуға, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жыл сайын 100-ге дейін жалға берілетін пәтер бөлуге, автомобиль жолдарының құрылысын аяқтауға, әуежай ғимаратын жаңғыртып, жаңа терминал құрылысын бастауға атсалысуды көздейді.

Сонымен қатар кемінде 14 мың жасты жұмыспен қамту, 6 мектеп, 11 спорт нысаны мен 10 денсаулық сақтау нысанын салуға қолдау көрсету жоспарланған.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *