Қулардың құрығына түспеңіз!

Адамзат баласы виртуалды әлемге неғұрлым енген сайын қылмыскерлер, соның ішінде  алаяқтар да заман көшінен қалмау үшін
өздерінің қитұрқы әрекеттерін интернет және цифрлы технологиялар арқылы жүзеге асыра бастады. ІІМ мамандарының сөзіне қарағанда, интернет және цифрлы технологиялар ақылы жасалатын алаяқтық қылмыстарына қарсы күрестің кү шеюіне байланысты «дәстүрлі» алаяқтық түр лері де қай тадан кең тарала бастаған. Ең қызығы немесе өкініштісі, соңғы уақытта олар өздерінің бар шеберліктерін зейнеткерлерге қарай бағыттап отыр. Яғни үлкен кісілердің сенгіштігін және аңғалдығын пайдаланып, сенім деріне кіре отырып, ақшаларын үптеп кетуді «бизнеске» айналдырғандар қатары арта түскен. Мұндай оқиғалар еліміздің әр аймағында тіркеліп жатыр.
– Кейінгі кезде егде жастағы адамдарға қатыс ты жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Қылмыскерлер үй телефондарына хабарласып, өздерін сол кісілердің жақын туыстары ретінде та ныс тырып және жол апатына түскенін айтып, мәселені шешу үшін ақша сұрайды. 
Одан кейін телефонды полиция қызметкеріне бергендей болады. Ал ол өз кезегінде қарт адамдардың қолында бар қаражатын жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамға беруге немесе жақынын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жұмсауға көндіреді.
Жәбірленушілер ақшаны беруге келіскеннен кейін оларға «курьерді» жібереді, – дейді ол. Осы әдіс бойынша қаншама адам құрыққа ілінді. Міне, қулығына құрық бойламайтын бүгінгі қылмыскерлердің әзірге ақылдарының жеткен жері осы болып тұр. Тәртіп сақшылары қарияларды мұқият болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақы рып, осы сынды қоңыраулар түскен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатып, келіп түскен ақпаратты тексеру үшін аталған туыстармен байланысу қажет екенін ескертеді.

janaarkagazeti@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *