Еңбек еткен ер сыйлы
2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – еңбектің қадірін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жыл еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеруге, жас ұрпақты кәсіптік білімге баулуға үлкен серпін бермек. Жұмысшы мамандығы – ел экономикасының тірегі, мемлекеттің дамуының негізі. Қай салада болмасын, іскер, еңбекқор мамандардың қолтаңбасы бар. Құрылысшы, дәнекерлеуші, механизатор, жүргізуші, тігінші сияқты қарапайым еңбек иелері – өмірдің барлық саласында ел игілігі үшін еңбек етуде. Олардың табанды еңбегі арқылы қалалар тұрғызылып, өндіріс дамып, ауылдар гүлденіп келеді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ел бойынша түрлі іс-шаралар, көрмелер мен форумдар ұйымдастырылуда. Бұл шаралар жастарды еңбекке баулуға, нақты мамандық алудың маңызын ұғындыруға бағытталған. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені заманауи өндіріс пен инновацияның негізінде кәсіби шебер мамандар тұрады. Еңбек адамы – қоғамның тірегі, ал адал еңбек – адамды биікке шығаратын құндылық. Мемлекет тарапынан жұмысшы кадрларды даярлауға және қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Әрбір мамандықтың өз орны, өз қадірі бар, ал еңбекпен табылған нәпақа – ең таза табыс. Бүгінгі жастарға үлгі болар еңбек адамдарының өмір жолы насихатталуда. Қоғамда «еңбек ету – мәртебе» деген түсінік нығайып келеді. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы елдің өндірістік әлеуеті артады. Бұл бастама елдің дамуы мен өркендеуіне жаңа серпін береді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – адал еңбектің, табандылық пен кәсібиліктің жылы. Еңбек еткен елдің еңсесі биік, келешегі кемел болмақ!