Жемқорлыққа жол бермейміз

 

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі—қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»,- деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елдері секілді біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып бірігіп, белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан- жылға өсе түсуде. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және осы тұрғыдағы құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;-кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі;-кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті іс. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады»,- деген асыл сөз бар. Әрқашан болашақты ойлап еліміздің өркендеп өсуін қаласақ, жаман қылық жемқорлықтан арылуымыз керек. Пара бергенде пара алғанда қылмыстық істің белең алып өршуіне алып келеді. Сондықтанда сіз бен біз қандай да бір пара берушілік, жемқорлық фактілерін естіп көрсек дереу құқықтық органдарға қоңырау шалып хабарласуымыз керек. Ел ертеңі бүгін мен сабақтасады жақсылыққа жаны құмар ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Әділетті Қазақстанның іргесін бірге қалайық.

Әсет Аманжолов,
аудан әкімінің орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *