ГҮЛДЕР ДҮКЕНІ – ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ
Ұлытау облысы әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған грантының иегері Марат Ақмаралдың «Гүлдер әлемі» атты гүлдер дүкені бүгінде ел игілігінде жұмыс істеп тұр.
Ауданымызда алғаш рет ашылған бұл дүкен заманауи талаптарға сай жабдықталып, гүлдердің балғын күйін ұзақ сақтауға мүмкіндік беретін арнайы тоңазытқыш құрылғылармен қамтамасыз етілген. Мұнда түрлі мерекелік шараларға, отбасылық қуаныштарға және ресми кездесулерге арналған гүл шоқтарының кең таңдауы бар.
Жас кәсіпкер Ақмарал Мараттың айтуынша, дүкен ашудағы басты мақсат – аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді қызмет ұсыну, сонымен қатар жастарды кәсіпкерлікке ынталандыру.
Бүгінде «Гүлдер әлемі» дүкені аудан тұрғындарының сүйікті орнына айналып, мерекелік көңіл күй сыйлауда. Дүкен ұжымы алдағы уақытта қызмет аясын кеңейтіп, тапсырыстарды жеткізу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.
Осындай жас кәсіпкерлердің табанды еңбегі мен жаңа бастамаларының арқасында өңіріміздің шағын бизнес саласы қарқынды дамып келеді.