2025 ЖЫЛ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ

 Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, қоғамдағы нақты кәсіп иелерінің абыройын арттыруға бағытталған маңызды шешім.

Қазіргі таңда еліміздің дамуы мен экономикалық өркендеуі – кәсіби білікті жұмысшылардың еңбегіне тікелей байланысты. Тәжірибелі ұсталар, құрылысшылар, дәнекерлеушілер, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласының мамандары – қоғам тірегі.

Аталған жыл аясында ел бойынша жұмысшы кадрларын даярлау ісін жетілдіру, колледждер мен өндіріс орындарының әріптестігін нығайту, дуалды оқыту жүйесін дамыту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Аудан көлемінде де бұл бастама кең қолдау табуда. Жастарды еңбекке баулу, техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі кездесулер, форумдар, көрмелер және кәсіптік бағдар беру шаралары өткізіліп келеді.

Жұмысшы мамандығын меңгеру – тек күнкөріс көзі емес, ол – ел дамуына қосылған зор үлес. Әрбір еңбек адамының табанды еңбегі арқылы ауданымыз көркейіп, экономикамыз нығая түсуде.

Бүгінгі ұрпақ үшін еңбек – басты құндылық. Сол себепті жас буынға нақты кәсіпке бейімделіп, өз ісінің шебері болуға жол ашу – уақыт талабы.

«Еңбек – бәрін жеңбек!» қағидасын ұстанған елдің болашағы да берік болмақ.
Жұмысшының еңбегін құрметтеу – қоғамның мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *