Өнер мектебінің ұжымына сайлауалды бағдарлама таныстырылды
Әділет партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Виктория Ставицкая Жезқазған қаласындағы Өнер мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірдің мәдениет және руханият саласын дамытуға бағытталған бастамаларға тоқталды.
Бағдарламада 2031 жылға дейін:
«Оқырман ұлт» жобасы аясында халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқырмандық белсенділікті 47%-ға жеткізу;
* «Руханият» мәдени орталығын салу;
*Жезқазған қаласында 450 орындық Конгресс-орталық құру;
* Сәтбаев қаласында орталықтандырылған кітапхана жүйесін салу;
* Жаңаарқа кентінде 400 орындық мәдениет сарайын салу;
* Жезқазған қаласында «Бабаларға тағзым» музейін салу;
* С. Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрына күрделі жөндеу жүргізу көзделген.
Кездесу соңында өнер мектебінің ұжымы өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, кандидатпен пікір алмасты.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.