Әділет партиясының кандидаты тұрғындармен жеке кездесті

«Әділет» партиясының облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының өңір тұрғындарымен жеке кездесулері жалғасуда.
Бүгін «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының ғимаратында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлдібек Тәуекелов тұрғындарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, жеке сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді. Кандидат тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.