«Әділет» партиясының кандидаттары ауыл аймақтарды аралауда

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың ауылдық елді мекендердегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

Бүгін кандидаттар Малшыбай ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар мен олардың алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, білім беру сапасын арттыру, тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсарту және ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау мәселелері сөз болды.

Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және қолданыстағы кәсібін кеңейтуіне мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы мен оның ауыл экономикасын дамытудағы маңызы түсіндірілді.

Кандидаттар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ауылды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *