Кандидат Пионер ауылының тұрғындарымен кездесті
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұрат Маткенов Пионер ауылында тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат ауылдағы мектеп ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жиында білім беру саласын жетілдіру, ауыл инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, мектеп ұжымы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кандидаттар көтерілген мәселелер бойынша жауап беріп, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың маңыздылығына тоқталды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.