Қарсақбайда спорт саласының өкілдерімен кездесу өтті

Қарсақбайда спорт саласының өкілдерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов Қарсақбай кентіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстыру, сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тыңдау.

Жиын барысында кандидат сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар ұжым мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын назарға алды.

Өз таңдауыңызды жасаңыз! Сайлау күні «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *