Талдыбұлақ ауылында тарихи әрі тағылымды кино түсірілімі жүріп жатыр

Қазақстан ұлттық арнасының тапсырмасымен, Алмас Биғазыұлының бастамасымен жер жаннаты – Жаңаарқа өңірінің Талдыбұлақ ауылында тарихи әрі тағылымды кино түсірілімі жүріп жатыр.

Түсірілімге қазақ киносының майталмандары – Қадырбек ата, Дариға апа, Ержан, Болат, Олжас, Дияна және өзге де танымал өнер майталмандары қатысуда.

Бұл туындының ерекшелігі – Талдыбұлақ ауылының табиғаты ғана емес, осы елдің жақсылары мен жайсаңдарының өнегелі өмірі, азаматтық болмысы мен бірлігі кино тілі арқылы көрерменге ұсынылып жатыр. Әр кейіпкердің бойынан ауыл азаматтарының мінезі, болмысы, есімдері мен туған жердің рухы сезіледі. Бұл – Талдыбұлақ халқының ауызбіршілігі мен абыройының, елге сыйлы азаматтарының еңбегіне берілген үлкен құрмет.

Қуантқан тағы бір жайт – нағашым Елақайдың да осы фильмде бой көрсетуі. Бұл да ауыл азаматтарына көрсетілген ерекше құрметтің белгісі деп білемін.

Ең бастысы – кино түсіріліміне бүкіл ауыл халқы жұмыла қолдау көрсетуде. Ауылдың ақсақалдары ақ батасын беріп, ел ағалары өз үйлерін босатып, қолдауларын жасауда.

Қайсар Сейпішев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *