Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп – баршаға ортақ мақсат

Қауіпсіз қоғам – барша адамның арманы. Қауіпсіз қоғамда өскен ұрпақ та алаңсыз тірлік кешеді. Оқиды, көңілдеріне бәрін тоқиды. Қауіпсіз қоғам дамудың ақ бастауы іспеттес. Әділдік пен парасат құстың қос қанатындай қатар қанат қағады. Қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық еңсесін көтереді. Адамдар бір-біріне жәрдемдесіп, керек жерінде көмек
қолын созып, қоғамның ажарын кіргізеді. Қауіпсіз қоғам елдің дамуына негіз болмақ. «Қауіпсіз қоғам» жобасы – азаматтық қоғамның, саяси құрылымдардың және құқық қорғау органдарының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы әріптестік қарекеті.
Елінің ертеңін, отбасы мен айналасының амандығын ойлайтын әрбір адам қауіпсіз қоғамда өмір сүргісі келетіні анық. Осы ретте азаматтардың қауіпсіздігін, қоғам тыныштығын қорғайтын, заң мен тәртіпті сақтаудың алдыңғы шебінде тұрған полицияызметкерлеріне жүктелер міндет салмақты. Қауіпсіз, үйлесімді қоғам құру жолында құқықтық тәртіпті сақтау, заң бұзушылықтарды анықтаумен қатар, күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтардың алдын алу, жұртшылықпен арада сенімді қарымқатынас орнату, келеңсіз жағдайларға тап болғандарға көмектесу, түрлі дау-жанжалды реттеу – полиция қызметінің ауқымды бір бөлігі десек болады. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп – баршаға ортақ мақсат. Әділетті, қауіпсіз қоғамды құру саяси-экономикалық, құқықтық реформалар жасаумен шектелмейді. Өйткені басталған өзгерістердің өрісті болуы үшін ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Әділетті қоғам – бәріміз және әрқайсымыз үшін қауіпсіз болмағын санамызбен саралап, түйсінбейінше, жүрегімізбен сезініп, қабылдамайынша басқа істің бәрі бекер. Әркім өзінің жан дүниесін ақтарып, трансформациядан өтіп барып, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудағы мақсатты жолдан табыла алады. Осы орайда қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы туралы айта кеткен жөн. Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жж. арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге кірісті. Ол мемлекеттік органдардың, кәсіби полицияның және қауымдастықтың ынтымақтастығы және бірлестігі нәтижесінде құқық бұзушылықтың алдын алудың тұтас жүйесін құрудың негізі болады. Тұжырымдаманың негізгі басымдықтары: -құқықтық мемлекеттің негізі ретінде қауіпсіз қоғам құру үшін жағдай жасау;
-азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін және құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау;
-қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігін ғылыми деректер мен серіктестікке негізделген қазіргі заманғы алдын алу жүйесіне айналдыру;
Шетелдердің озық тәжірибесін ескере отырып, одан әрі іс-қимыл стратегиясы әзірленуде. Құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді тетіктерін құру көзделуде.
Қауіпсіздік – адамның жетекші қажеттіліктерінің бірі. Қауіпсіздік сезімінсіз адамның толыққанды өмір сүруі және оның жеке басының дамуы мүмкін емес. Күнделікті іс-әрекетімізде мейірімділік пен адалдықты, тәртіп пен тәрбиені басшылыққа алып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау – дамыған қоғам қалыптастырудың негізі. Біз үшін «Қауіпсіз қоғам» қағаздағы міндеттердің тізімі ғана емес, бұл – ең алдымен болашаққа қамқорлық. Біздің әрекетіміз қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа өзгерте алады.

Қуаныш АУДАНБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *