АУЫЛДАРДЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Аудан әкімі Қанат Қожықаев пен аудан прокуроры Бек Мұсабаев Ералиев ауылдық округіне қарасты Жомарт станциясы, №189 разъезд және Ақбастау елді мекеніне жұмыс сапарымен барып қайтқан еді. Сапар барысында ауылдық аймақтардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ірі жобалардың жүзеге асу барысы жан-жақты қаралды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында маңызды жобалар қолға алынған болатын. Жомарт станциясына ауыз су құбырын тарту үшін 465 млн теңге, ал №189 разъезд пен Ақбастау елді мекеніне су желілерін тартуға 467,6 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған еді.

Бұл жобалар мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен қаржыландырылып, арнайы мемлекеттік қор арқылы жүзеге асырылды. Осы тәсіл инфрақұрылымдық жобалардың дер кезінде басталуына және еш кедергісіз орындалуына мүмкіндік берген болатын.

Сапар кезінде жауапты мамандар құрылыс жұмыстарының кезеңдерімен таныстырып, құбыр тарту, су резервуарларын орнату және қосымша нысандарды дайындау барысы туралы ақпарат берген. Тұрғындармен кездесулер өткізіліп, су сапасына, қысымына және үздіксіздігіне қатысты мәселелер талқыланған.

Жалпы, жүзеге асқан бұл жобалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталып, оларды таза, сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік берген еді. Бұл жұмыстар Ел Президентінің тапсырмаларын орындауда нақты нәтижелерге қол жеткізілгенін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *