Дұрыс жабдықталған пеш – қауіпсіздік кепілі
Өрт – аса қатерлі жау. Сондықтан да, бұған бей-жай қарауға болмайды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Сондықтан, қай кезде де тілсіз жауға тосқауыл қажет. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелері сақталмаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.
Өрттің басты себептерінің бірі – от ошақтарын пайдаланудағы салақтық. Қазір ауа-райы жылынған сайын отты азырақ жағады, бірақ одан өрт шығу қауіптілігі азаймайды. Пештерде қыстай мұржа ішіне ыс жиналып, түтіннің шығуын қиындатып, өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Қазір әр үй иесі мұржаны, пешті жиналған ыс пен күлден тазартуы кажет.
Тек қана өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, отты пайдалануда сақ болған адам қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Осыған байланысты құтқарушылар азаматтарға қауіпсіздік ережелерін естен шығармауы кеңес береді. Мәселен, мұржаларды тазалау кезінде жарықтар мен ақауларды жою қажет. Жылыту кезеңінде пештерді тазалау кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс. Түтін өтетін арналар, құбырлар мен қабырғалардың беттері жарамды, жарықсыз, сыланған және әктелген болуы керек. От жағу тұрғындар ұйқыға кеткенге дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтатылғаны дұрыс. Күлге су құйып, оны үйден 15 метрдей жерге апарып төккен жөн.
Пештік қондырғылармен байланысты өрттер мен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімі пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындар назарына жеткізеді:
1. От жағу кезеңі басталар алдында от жағу пештері тексеруден және жөндеуден өтуі қажет. Бүлінген от жағу жүйелерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
2. Пештер мен басқа жағу аспаптары өртке қарсы нормаларымен орнатылған жанғыш құрылыстарынан бөлінген және бос жерлері болуы қажет, сондай-ақ пеш маңындағы металл беттердің өлшемі 50х70 см кем болмауы қажет (жанғыш еденде).
3. Түтін жолдары мен пешті от жағу кезеңі басталғанда, сондай-ақ бүкіл кезең ішінде тазалау қажет.
4. От жағатын пешті пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:
— жағылған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларға бақылау жасауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;
— пеш маңындағы қорғаныш бетіне отын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды орналастыруға болмайды;
— пешке тамыздық ретінде бензин, керосин, дизельді отын мен басқа да ТТСжЖС пайдалануға тыйым салынады;
— желдетуге және газға арналған арналарды түтін шығатын жол ретінде пайдалануға болмайды;
— пешті өте қатты қыздыруға.
5. Пештен шығарылған күл мен шлакқа су құйып сөндірілуі тиіс және олар арнайы дайындалған қауіпсіз орынға апарып тастау қажет. еліміздің заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі үшін үй иесі жауапты.