Қоғам дерті ойынқұмарлық — Лудомания
Қазіргі таңда қоғамда белең алған дерттің дауасы – ойынқұмарлық (лудомания). Ойынқұмарлық (лудомания, игромания, құмар ойындар, құмар ойынға тәуелділік) – құмар ойындарға патологиялық бейімділік. Адамның өмірінде үнемі ойнауға деген ұмтылыс басым болады, нәтижесінде ол жұмыстан шығуына, жақындарымен қақтығысуға, ажырасуға әкелетін дұрыс емес шешімдер қабылдауға жол беріледі.Ойын барысында адам эндорфин гормонын шығарады, нәтижесінде есірткіге ұқсас әрекет пайда болады. Құмар ойындарының дамуына психикалық бұзылулар, мінездің ерекшеліктері (ұялшақтық, өзін – өзі бағалаудың төмендігі), қарым – қатынастың тапшылығы, отбасылық қақтығыстар, әлеуметтік фобиялар асер етуі мүмкін. Ал, ойынқұмарлықтың белгілері тұрақты ойынға деген құштарлық, ойын жиілігін біртіндеп арттыру, қызығушылықтарды өзгерту, ойынды тоқтата алмау, депрессия, дисфория, тітіркену, мазасыздық, ойынға тағы бір қатысқаннан кейін дамиды, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, зейіннің бұзылуы, суицидтік мәлімдемелер т.б.
«Ойынқұмалық» диагнозын психиатр – дәрігер немесе нарколог науқаспен және оның туыстарымен әңгімелесу негізінде қояды. Әңгімелесу кезінде құмар ойыншылар әдетте фактілерді жасырады немесе мәселенің маңыздылығын төмендетеді. Сондықтан дәрігер ақпараттың негізгі бөлігін науқастың туыстарынан алады.
Ойынқұмарлықты емдеу үшін кешенді тәсіл – психотерапия және дәрі – дәрмек терапиясы. Көбінесе наркологиялық немесе психиатриялық бөлімшеде стационарлық емдеу жүргізіледі. Психитерапиялық емдеу ойыншыға және оның туыстарына ойынның әсерін азайтуды, депрессияны, жалғыздықты, мазасыздықты жеңе білуді, ақшаға байланысты жағдайларда тәуекелді азайтуды, басқа хоббиге құмарлықты, эмоцияларды басқаруды үйренуді қамтуы мүмкін. Құмар ойындардың негізгі асқынуларының салдарына психикалық деңсаулықтың нашарлауы болып табылатын – суицидтік тенденциялар, жақын ортаның, қоғамның психологиялық қысымы, отбасылық және әлеуметтік мәртебенің нашарлауы, уайыммен, өзін кінәлі сезіну, жеке және әлеуметтік сәтсіздік сезімдерімен бірге жүруі мүмкін.
Жоғарыдағы жағдайларға жол бермеудің, алдын – алудың басты шарасы құмар ойындардан аулақ болу, адамдар ойнайтын жерлерге барудан бас тарту керек. Осы ойыннан басталған кесел адам өміріне балта шабады. Арты алаяқтыққа ұласып, темір торға қамалмасқа кіп кепіл? Қазірден бастап аты шулы қоғам дертіне бірігіп қарсы тұрып, алдын алу керекпіз демекпін.
А.С.РАХИМЖАНОВА
Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы