Мансап орталығының берер мүмкіндіктері көп
Еңбек нарығы елеулі жаңалыққа толы. Айталық, бір жыл бұрын облыс орталықтары мен ірі қалаларда еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін орталықтар құрылды. Ал бұған дейін жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары енді Мансап орталықтары болып қайта құрылды. Жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметі: «жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде.Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңірде жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институтын тартатын болады. Ол үшін белсенді азаматтарды жұмысқа орналастыруға байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке шығару құқығы беріледі. Өз кезегінде, Мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары деңгейінде ашылады.
Жаңа орталықтардың негізгі міндеті – ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерін жергілікті ерекшеліктерімен ұштастыра отырып, өңірлік жұмыспен қамту саясатын дамыту. Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету сол мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарда жалғаса бермек.
Мансап орталығының толық миссиясы — білім алушыға, түлекке, маманға өмір бойы білім беру принципі бойынша тиімді мансап жолын қалыптастыру және жүзеге асыру. Ал, міндеті — білім алушының, түлектің, маманның мансаптық өсуіне және кәсіби өсуіне ықпал ететін тиімді жүйені құру; түлектің, маманның еңбек нарығына сәйкес кәсіби дағдыларын және қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Мақсаты — жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық, іс-тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы, сонымен қатар мамандарды мақсатты даярлау саласында келісімшарттар жасау. Білім алушылар мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (мамандар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың презентациялары, қонақ дәрістері және т.б.) Кәсіпорындардың мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында курстар мен семинарлар ұсыну.
Түлектердің мансабының дамуын қадағалау үшін байланысты орнату, қолдау және дамыту. Университет түлектеріне мансаптық жоспарларын жүзеге асыруға көмек көрсету; түлектердің кәсіби дағдылары мен қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оларды еңбек нарығына сәтті бейімдеу үшін дайындық курстар мен семинарлар ұйымдастыру; еңбек нарығы талап ететін білім алушылардың жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша арнайы тренингтер, курстар, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу; компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге айындық, түйіндеме жазуға кеңес беру, сұхбаттасу, психологиялық бағдар немесе басқа қызмет саласына бейімдеу; білім алушылармен ақпараттық, кәсіптік бағдар беру және мансапты жоспарлау бойынша жұмыс жүргізу; жұмысқа орналасуға көмек көрсету және түлектердің мансаптарының ары қарай дамуын бақылау. Еңбек нарығына зерттеу жүргізу және білім алушыларға нарық болжамдарын және жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпаратты беру; еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға көмек; мамандандыруды одан әрі таңдауға байналысты оқыту тракеториясын таңдауға көмек; іс-тәжірибе өтетін орынды таңдауға көмек.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша