Білім белесіндегі 70 жыл
Жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратумен келе жатқан білім ұясы мектеп екені даусыз. Тарихы сонау 1954 жылдан бастау алатын Сәкен Сейфуллин атындағы білім ордасына биыл міне 70 жыл толды. Арқа жерінің ақиық ақыны, ақындардың аққуы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына әрі ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына тұспа тұс келген бұл күн әдемі үндесті. Қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан С. Сейфуллин атындағы орта мектебі осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Бүгіндері солардың жеткен жетістіктеріне, шыққан биіктеріне, атқарған игі істеріне сүйсініп, мақтанып жүрген жайымыз бар. Мерейтойға орай ұйымдастырылған ауқымды шараға ойыспас бұрын, мектеп тарихына шолу жасауды жөн көрдік. Аймақ тарихымен сабақтас шежірелі білім шаңырағының алғашқы іргетасының қалануы 1953 жылдан бастау алған. Бұл мектеп сонау 1953 жылы теміржол бойындағы №69 орыс мектебі болып бөлек шықты. Алғашқы мектеп директоры — Асан Жұмаділдин. Ал 1954-1955 оқу жылынан бастап орталау мектеп болып құрылып, 1957 жылы алғаш рет 22 оқушы орта білім туралы аттестат алған. 1959-1977 жылдары мектеп директоры Жампейіс Садықбеков болды. 1957 жылдан 1964 жылға дейін №161 қазақ орта мектебі, ал 1964-1965 оқу жылынан бастап жергілікті жердің шешімі бойынша даңқты жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. Бұрын теміржол бойына қарайтын мектеп 1975-1976 оқу жылынан бастап аудандық білім бөлімі қарамағына өтті. Содан бері мектепті қаншама оқушы бітіріп, алтын және ерекше үлгідегі үздік аттестаттың бірнеше иегер түлектері болды. Мектеп тарихында өшпес із қалдырған Мұқажан Имашев, Хамит Балмағанбетов, Кәрім Мектепбаев, Үнзилә Жұмағұлова, Шәйзә Әлмішев, Рымбала Смайылова, Нәсіпкүл Хасенова, Зарлық Сұлтанов, Иманәлі Жаханбетов, Тәлиға Хамитова, Мәрияш Мұсанова, Кәрібай Үсенбаев, Еркін Игенберлин, Күләш Өскенбекова, Мейрам Мұқажанов, Гүлжамал Оспанова, Игілік Ошақбаев, Рзықия Сембаева, Гүлзада Ерденова, Қаламқас Сембекова , Сақыпжамал Әбікеева, Аман Мұхтарова, Төкен Салықов, Дәметкен Ақыжанова, Құрал Әбішев, Қорлан Сүлейменова, Рабиғаш Байшөкенова сынды бүгінгі күні ортамызда өздері жоқ болса да, сайрап жатқан іздері бар тамаша жандардың орны бөлек. Сондай-ақ, бүгінгікүні құрметті еңбек демалысындағы Әбет Майшин, Ақжарқын Өскембекова, Гүлнәр Нұғыманова, Бәтима Мұздыбаева, Жамила Жакенова, Қалдыгүл Байболова, Бағила Ысқақова, Ермекгүл Хамитова, Гүлнәр Қаңтарбаева, Гүлбарам Мәтенова, Бақыт Дүйсенова, Қарлығаш Ақбаева, Сұлушаш Тасжанова, Орал Кенжебаева тәрізді ардагер ұстаздардың алдынан тәлім-тәрбие алған сан мыңдаған шәкірттердің оларға айтар алғысы мол. Ұлпан Сәрсенбаева, Қамен Ижанова, Төлеухан Көшкінбаев, Көкен Мұхамеджанова, Шолпан Алпысбаева сияқты аяулы ұстаздардың да бұл мектепте сайраған іздері бар. Аудан көлемінде сан жылдар бойы абыройлы еңбек еткен Мешітбай Алдабергенов, Мұса Тайтөлеуов, Аманкелді Әбжанов тәріздіазаматтар еңбек жолының алғашқы жылдарын осы мектептен бастаған еді. 1963-64 оқу жылында мектептің материалдық базасы қайта жабдықталып, 1963 жылы 280 оқушыға арналған екі қабатты мектеп үйіне кірді. Содан бергі уақытта жаңалыққа толы талай өзгерістер болып, мектептің педагогикалық ұжымы оқыған, білімді жас мамандармен толықты. Сол жас буындар бүгінгі күні тәжірибеге бай, заман талабына сай әдіс-тәсілдерді меңгерген ұстаздар ретінде игілікті істердің ұйытқысы болып, ендігі жерде өздерінен кейінгі жас толқынға өмірден көргентүйгендерін үйретуде. Педагог-зерттеуші ұстаздар Жүбайла Өскембаева, Орынбасар Сейфуллина, Айгүл Беспаева, педагог-сарапшы ұстаздар Индира Жұманова, Айнаш Айтбаева, Алтынбек Байсейтов, Айгүл Күлпейісова, Ғалия Оспанова, Марат Арунов, Жанғали Тоқтыбаев, Лазипа Сарина, Аққу Әкімбекова, Жанбол Шакенов, Рима Исмағұлова, Айым Қызданова, Айнұр Жұмажанова, Гүлмира Садвакасова мектеп мақтанышына айналған, көпшілік құрметіне бөленген білімді мамандар. Өмір жолдары бүгінгі және кейінгі ұрпаққа үлгі болатын, өзіміз мақтанышпен еске алатын абзал азаматтарымыз бен түлектердің біразын атап өтсек, мектепті алтын медальмен бітірген, ҚР Ұлттық ғылым акедемиясының академигі, еңбек физиологиясы және гигенасы институтының директоры болған Ғабдолла Әбдіқожаұлы Құлқыбаев, Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер, «Оқжетпес» санаторийінің бас дәрігері болып еңбек еткен Әбілхакім Ақмұрзин мектепті алтын медальмен бітірген, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР халық әртісі Бекболат Тілеухан, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Қайырбек Мұқажанов, Қарағанды медицина академиясының кафедра меңгерушісі болған, доцент Мұхамедия Тебенов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жанкелді Бөкенов, Алматы қаласындағы «Жетісу» қонақ үйінің директоры болған Әбікен Әбдірахманов, белгілі сазгер әнші Қорабай Есенов, кент әкімі қызметін атқарған Жеңіс Елеуов, ҚР «Құрметті спорт қызметкері», ауылшаруашылығы саласының «Құрметті ардагері» Бейбіт Хасенов және тағы басқалары. Енді өткен күндегі еңбек барысына көз жүгітсек, мектеп заман ағымы мен тарих көшінен қалмай, үнемі өрлеу үстінде болыпты. Сол өрлеу кездерін бөліп-бөліп атасақ, 1976-81 жылдар аралығында мектеп директоры Күләш Өскенбекованың басшылығымен оқыту мен тәрбие саласындағы жетістіктерді игеру бағытындағы ұжымды қалыптастыру, кадрларды іріктеу, шығармашылық ізденіс жағдайында мұғалімдер мен тәрбиешілерді дайындаған байқау ісіне ерекше назар аударылды. 1981-1984 жылдар аралығында Түркен Кенжеғұлов, 1984-1986 жылдары Ғайша Байжұманова, 1986-1996 жылдар аралығында Нәсіпкүл Хасенова, 1996-2005 жылдары Бауыржан Смағұлов, 2005-2007 жылдары Гүлнар Мажитова, 2007-2012 жылдары Мейірхан Аманбаев, 2011-2014 жылдары Рысқали Рахимов, 2014-2022 жылдары Айтқожа Тұрғынбеков мектеп директоры болып жемісті еңбек етіп, бұл кезеңдерде де педагогикалық ұжымды жас мамандармен толықтыру, оқут ә р б и е жұмыстарын игеру бағытындағы ізденістер турасында көп жұмыстар ақтарылып, ұжымға жаңа серпін, тың күш берді. Мұғалімдердің зерттеу топтары құрылып, шығаршамлық жұмыстар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар көп өткізілді.Мектебімізде «ҚР Білім беру ісінің үздігі», жоғары санатты әдіскер Қаламқас Сембекова атындағы орыс тілі пәнінің кабинеті, «ҚазКСР білім беру үздігі» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күләш Өскембекова атындағы «Сәкентану» бағытындағы қазақ тілі мен әдебиеті» пән кабинеті,Үсенбаев Кәрібай атындағы биология пәнінің және осы мектептің тұңғыш «Алтын медаль» иегері Бәтия Мұқыжанқызы Исаберлинаның есімі берілген кабинеттер мен С.Сейфуллин атындағы мектептің іргетасын қалаушы, мектепке Сәкеннің есімін берген, тарихта өшпес із қалдырған, мектептің алтын діңгегі, алғаш мектеп директоры болған, КазССР халық ағарту ісінің үздігі Садықбеков Жанпейіс, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Талиға Хамитова мен Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих пәнінің мұғалімі Хамит Балмағанбетовтің есімі берілген ескерткіш тақталар мектеп қабырғасында өшпес белгі болып ілініп тұр.
Қазіргі уақытта С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде 320 оқушы білім алып, оларға 66 мұғалім дәріс береді. Мектеп ұжымы ата-аналармен, қоғамдық ұжымдармен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста. Мектеп өз түлектерін парасаттылыққа, салиқалыққа, мәдениеттілікке, отансүйгіштікке және кәсіби даярлыққа ұдайы баулудың, дайындаудың үлгісін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі–үздіксіз іздену. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің біріәдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. 2012 жылдан бастап ерекше білімді қажет ететін балаларға арнайы орталық ашылып, оқу ісі жөніндегі орынбасар Жүбайла Өскембаева жұмыс атқаруда. Нәтижесінде 2017 жылы аудандық білім бөлімінен арнайы мамандар бөлініп логопед, дефектолог, әлеуметтік-педагог, психолог мамандармен қамтамасыз етіліп, педагогикалық психологиялық сүйемелдеу орталығы жоғары дәрежеде жұмыс атқаруда. Қазіргі кезде педагог-ассистенттер беріліп, 17 маман жұмыс істеп, 43 балаға педагогикалықпсихологиялық сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырлады. Өз шәкірттерінің жүрегіне жылы сезіммен де, шынайы ықыласымен де төте жол тауып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде нәтижелі істерімен көзге түсіп жүрген ұлағатты ұстаздарымыз аз емес. Алған білімдерін еңбекпен ұштастырып, тәжірибе жинақтаған мамандар: Т.Қазбекова, Г.Жұмасейтова, С.Қуанышбекова, А.Базылова, А.Смайлова, А.Мейізбекова, Б.Айжанова, Ө.Исина, М.Балғабаева, Г.Паринтаева, Ж.Төлегенова, А.Шәкенов, Б.Рахметолла, Жаннұр Мауленина, Айгерім Алиакбарова, Гүлнұр Наурызбаева, Айжан Көшкінбаева, Гүлсім Тоғанбаева, Айтолқын Түменбаева, Айжан Шакенова, Қайрат Ахатов, Дәурен Рысқұлов жас ұрпақ тәрбиелеу жолында жемісті еңбек етіп жүрген жандар. Қазіргі мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің басты мақсаты-салауатты өмір салтының негізгі элементі ретінде әр оқушының жеке басының дене мәдениетін үнемі спорт және дене шынықтыру жаттығулары арқылы қалыптастыру. Бұл тұрғыда біздің мектепте дене тәрбиесі жұмысы жақсы жолға қойылған. Тәжірибелі ұстаздар Марат Арунов, Жанғали Тоқтыбаев және жас маман болса да мектебіміздің түлегі Аслан Қасым мен Нұртілек Қаракесеков пен Әсем Рымқажинанің шәкірттері аудандық, облыстық жарыстарда спорттың волейбол, баскетбол, жүгіру, тоғызқұмалақ түрлерінен біршама нәтижелер көрсетіп жүр. 2022-2023 оқу жылында мектебіміздің түлектері Арғын Кәрімжанов пен Нұршат Шомыт ҰБТ–ден жоғары ұпай жинап, «Алтын белгі» алып, ЖОО грант иегері атанды. Сонымен қатар, мектебіміздің мақтанышына айналған оқушылар саны жылдан-жылға артуда. Атап айтсақ, С.Жанат, Ж.Мұсылманбек, Ғ.Дүйсембек, Т.Төлеу, Т.Шаршабекова, А.Сембі, И.Әбдібек, А.Жексенбай, А.Мұқашев, К.Қасым, А.Мусина, Ұ.Оралбай, Ж.Мақсатұлы, А.Мырзағали, Ислам Әбдібек сияқты оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері болып жүр. Бір айта кетерлігі, мектеп түлектері мен ата-аналар және кейбір кәсіпкерлер де үнемі демеушілік жасап отырады. Мәселен кәсіпкерлер Жансұлтан Қасымбеков, Сәулет Рымбеков, Қуат Ахметов пен баласы Азамат Қуатұлы, Мердан Атамұрат, Бағдат Бекежанова, Батырхан Дүйсенбеков, Қуатжан Оспанов, Оралбай Молдабаев сынды азаматтар көмек көрсетіп отыр. Білім ордасының 70 жылдық мерейтойына орай 30 қазан күні мәдениет үйінде «Өнегелі өмірдің өшпес шырағы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Игі шарада айтылған естеліктер, жылы лебіздер, пікір алмасулар легі еш толастамады. Бүгінгі таңда, еліміздің түкпіртүкпірінде түрлі салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектері де, ардагер ұстаздар да төрден табылды. Алғашқы құттықтаусөз аудан әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанұлы Аманжоловқа берілді. Ол кісі аудан басшысының құттықтауын жеткізіп, мектеп директорына сертификат табыс етті. Сондай-ақ, Әсет Жұмажанұлы бір топ мектеп мұғалімдеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын ұсынды. Мектеп директорының орынбасарлары — Жүбайля Адамқызы Өскембаева, Толғанай Мұхамедқалиқызы Қазыбекова, Гүлжазира Балғабайқызы Жұмасейітова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері — Орынбасар Боранбайқызы Сейфуллина, Аққу Серікқызы Акимбекова, математика пәнінің мұғалімі Айнаш Әбділдәқызы Айтбаева аудан әкімінің Құрмет грамотасына ие болса, аудан әкімінің Алғыс хаты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Индира Нұржанқызы Жұмановаға, бастауыш сынып мұғалімі — Айгүл Төлешқызы Беспаеваға, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Лазипа Кәрібайқызы Саринаға, тарих пәнінің мұғалімі Гүлжаз Саматқызы Маратқа, мектеп тәлімгері – Мөлдір Сағынтайқызы Файзуллинаға, мектеп жанындағы интернаттың шаруашылық меңгерушісі — Айгүл Куанышқызы Оспановаға берілді. Келесі сөз кезегін аудандық білім бөлімінің басшысы Махаббат Ермұханбетқызы Балабаева алды. Сәкен атындағы мектептің ауданымызда алар орны мен маңызын атап өтті. Өзінің аудандағы ұстаздық жолының 1998 жылы осы Сәкен мектебінде басталғанын, қиын-қыстау кезеңде қалай жұмыс атқарғандықтарын тілге тиек етті. Мектеп директоры Рысқали Серікбайұлы Рахимов мектеп тарихына шегініс жасап, өткенді сараптап, бүгінгіні жеткізді. Осы күнге дейінгі мектептің қол жеткізген жетістіктерін саралап, мақтан тұтатын ұстаздары мен түлектерін атады. Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты — Бекболат Қанайұлы Тілеухан да осы мектептің «Алтын медаль» таққан түлегі. Кештің қадірлі қонағы ретінде шақырылған лауазымды тұлға сахнаға көтеріліп, кешегі оқушы күндерінен жылы естеліктер айтып, ұстаздарын құрметпен еске алды. Арнайы шақыртумен Қарағанды қаласынан келген «ҚР үздік педагогы», филология ғылымының докторы, профессор Берік Серікбайұлы Рақымов та құттықтауын жеткізді. Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматтары» да осы мектептің түлектері. Жаңаарқа кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық ұлттық спорт федерациясының төрағасы, әнші-сазгер ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Ауыл шаруашылығы саласының «Құрметті ардагері» — Бейбіт Байбосынұлы Хасенов пен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Қорабай Есеновтер қошеметпен ортаға шақырылды. Құттықтау сөздерін жеткізген ағалар қонақкәде ретінде әсем ән шырқады. Салтанатты жиын барысында мектептің мұғалімдері мен оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп ұстазы Айым Қызданова «Жанымның мекені — Жаңаарқа» әнін, Қанағат Сағынтаев халық әні «Екі жиренді», мектеп оқушылары Ұлан Оралбай Сәкеннің әнін «Тау ішіндені» шырқаса, 2 сынып оқушысы Кәусар Әбдіғазым Сәкен Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңін нақышына келтіре орындады. Мектеп түлектерінің атынан Ләззат Нұрланова пен Жалын Сыздықов ән-шашу ұсынды. Мектеп директоры болған Жампейіс Садықбековтің қызы Айтбала апа да сахнаға көтеріліп, құттықтауын жеткізді. Мерейтойлық кеште «Өнегелі өмірдің өшпес шырағы» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді. Бұл Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің өткен жетпіс жыл тарихына тоқталған, білім ордасындағы ізгі істер баяндалған тұңғыш еңбек болып табылады. Бұл кітап елім-жерім, туған өлкем дейтін оқырман қауымға арналады. Тура жолдан таймай, өткірлігі мен өжеттілігі сыналған тұста өзін көрсете алған аптал азаматтар мен аяулы апалардың ұлағатты ғұмыры ретінде ұсынылады. Мектеп кітапханасының шежірелік мүлкі ретінде естелік болып, жалғасын табады. Кітап авторы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР үздік педагогы — Берік Серікбайұлы Рахым. Мәдениет үйінің дәлізінде аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы әдеттегідей тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды. Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің құрылғанына 70 жыл толуына орай осы күні «Сәкен әндерін орындау» аудандық байқауы ұйымдастырылған болатын. Сайыс нәтижесінде Б.Амалбеков атындағы ТМ оқушысы А.Бейсенбекова І орынды (жетекшісі Д.Әлжанов), С.Сейфуллин атындағы ЖББМ оқушысы Ұ.Оралбай (жетекшісі Қ.Сағынтаев), ІІ орынды Ақтау ЖББМ оқушысы И.Әбілқайыр (жетекшісі Г.Ақашева), Жаңаарқа ЖББМ оқушысы Д.Мағжан (жетекшісі Ж.Жақыпова), ІІІ орынды О.Әлібаев ЖББМ оқушысы А.Ғабдолла (жетекшісі А.Тиес), Атасу мектебінің оқушысы Б.Тілеген (жетекшісі Р.Мұханова), А.Сейдімбек атындағы ЖББМ оқушысы Ш.Амангелді ІІІ орынды (жетекшісі Ж.Күлмағанбетова), Ақтүбек ЖББМ оқушысы А.Түлкібай (жетекшісі С.Батталова) алды. Бұдан бөлек «Сәкен өлеңдерін мәнерлеп оқу», «Сәкен шығармаларынан сурет байқауы», «Сәкенге арнау» оқушылар шығармашылығынан мүшәйра ұйымдастырылды. Барлық сайыстар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды.
Салтанат Балтабайқызы