Алаяқтық тек қаржылық түрде болмайды

Соңғы екі жылда алаяқтық қылмыстың ең кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың жалпы құрылымында алаяқтықтың үлесі 10%-дан 13,3%-ға дейін өсіп, ұрлықтан кейін екінші орында тұр. Телефонмен жасалатын алаяқтық түрлерінің ішінде «құқық қорғау органдардан хабарласып тұрмыз» -дейтін алаяқтықты атап өтуге болады. Ол қаржылық алаяқтыққа тікелей жатпаса да, олар жайында да ескерту маңызды. Біріншіден, алаяқтар құжаттар мен түрлі хабарламаларды қолдан жасау үшін бағдарламалық қамтылымды пайдалануы мүмкін.
Егер сіздің ақпаратыңыз қандай да бір жолмен алаяқтардың қолына түссе, олар, мәселен, салық органынан және прокуратурадан жалған хат жазып, оны сіздің электрондық поштаңызға немесе мессенджерлер арқылы жіберуі мүмкін, содан кейін алаяқ өзі жеке хабарласып, қорқытып, бопсалап, «жақсылықпен келісуді», мысалы, сіз электрондық әмиянға белгілі бір соманы жіберсеңіз, іс одан әрі насырға шаппайды деуі мүмкін. Пара беру қылмыс екенін атап өтеміз.
Сондықтан да мәселені ешқашан пара беріп шешуге болмайды. Сонымен бірге егер расында айыппұлыңыз болса, алаяқтарға жіберген аударым сізді одан босата алмайды. Кейде алаяқ сіздің берешегіңіз туралы біліп алып, сізден ақша сұрайды, одан соң ізін суытады. Айыппұлыңыз бен берешегіңіз одан ешқайда кетпейді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *