Әлеуметтік қорғау — әл-ауқаттың негізі
Қазан айының соңғы жексенбісі — Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы жылы бұл мереке 27 қазанға дөп келіп тұр.
Мемлекеттің ауқымды міндетінің бірі — халықтың барлық санаттарына әлеуметтік қамқорлық көрсету, яғни әлеуметтік қорғау. Бұл мереке — өзге жанның ауыртпалығын арқалап, оны шешуге бар күш–жігерін жұмсайтын абзал да мейірімді жандардың мерекесі. Мейірімділік пен жақсылықтың бұл мерекесі барлығына жанашырлық қажеттілігін еске салатын жақсы дәстүрге айналды.
Бұл күнді қарттарға, жан жылуын, адамзат мейірімін күтетін қамкөңіл жандарға, көпбалалы отбасыларға, табысы аз және жұмыссыз азаматтарға көмек қолын созып, аянбай қызмет етіп жүрген адамдарға деген зор құрметтің, шынайы алғыстың белгісі деп білуге болады.
Мереке құрметіне орай, аудандық Мансап орталығының басшысы Малика Ерболқызы Оспановамен жүздескен едік.
Малика Ерболқызы 2016 жылы еңбек жолын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ассистент болып бастайды. 2018 жылы жұмыспен қамту орталығына кеңесші болып ауысады. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыспен қамту орталығы жойылып, ол Мансап орталығы болып қайта құрылады. 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап осы орталықта сектор меңгерушісі, 2024 жылдың сәуір айынан бастап басшының міндетін атқарушы, ал, осы жылдың шілде айынан бастап басшы болып тағайындалады.
Еңбек нарығы елеулі жаңалыққа толы. Айталық, бір жыл бұрын облыс орталықтары мен ірі қалаларда еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін орталықтар құрылды. Ал бұған дейін жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары енді Мансап орталықтары болып қайта құрылды. Жаңадан құрылған еңбек мо¬бильділігі орталықтарының негіз¬гі қызметі: «жұмыс күшіне сұ¬рବныс пен ұсынысты талдау, бо묬жау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының тең¬герімін қамта¬масыз ету; өңірлік жұ¬мыс¬пен қамту карталарын әзірлеу және олар¬ды жергілікті жерлерде іске асы¬руды үйлестіру; жұмыс¬пен қам¬тудың барлық мемлекеттік бағ¬дар¬ламалар мен жеке бастамалар шең¬¬берін¬де ашылатын жұ¬мыс орын¬дарының құрылуына мони¬торинг жасау; жұмыспен қам¬тамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті кө¬¬ші-қонына жәрдемдесу және аза¬мат¬¬тарды көшіру бағдарламала¬рын өңір¬лік дең¬гейде үйлестіру; жұ-мыс іздеуші ретінде жү¬гінген және жұ¬мыссыз адамдарды тіркеу; ха¬лық¬ты, жергілікті атқарушы орган¬да𬬬¬ды және уәкілетті мемлекеттік ор¬¬ган¬ды өңірлік еңбек нарығы¬ның жай-күйі туралы хабардар ету», делін¬ген Еңбек және халықты әлеу¬мет¬тік қорғау министрлігінің мәлі¬метінде.
Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңірде жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институтын тартатын болады. Ол үшін белсенді азаматтарды жұмысқа орналастыруға байланыс¬ты жекелеген функцияларды аутсорсингке шығару құқығы беріледі. Өз кезегінде, Мансап орталық¬та¬ры қалалар мен аудандардағы ең¬бек мобильділігі орталықтары¬ның ¬фи¬лиалдары деңгейінде ашылады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті – ұлт¬тық еңбек нарығының көрсет¬кіш¬терін жергілікті ерекше¬лік¬тері¬мен ұш¬тастыра отырып, өңірлік жұ¬мыс¬пен қамту саясатын дамыту. Бұл ретте қазіргі уақытта жұ¬мыс-пен қамтуға жәрдемдесу, ерік¬ті түрде қоныс аудару, атаулы әлеу¬мет¬тік көмек тағайындау бойын¬ша көрсетілетін қызметтердің бар¬лық спектрі сақталады және оларды көрсету сол мекенжайлар бойын¬ша орналасатын мансап орталықтар¬да жалғаса бермек.
Мансап орталығының толық миссиясы — білім алушыға, түлекке, маманға өмір бойы білім беру принципі бойынша тиімді мансап жолын қалыптастыру және жүзеге асыру. Ал, міндеті — білім алушының, түлектің, маманның мансаптық өсуіне және кәсіби өсуіне ықпал ететін тиімді жүйені құру; түлектің, маманның еңбек нарығына сәйкес кәсіби дағдыларын және қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Мақсаты — жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық, іс-тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы, сонымен қатар мамандарды мақсатты даярлау саласында келісімшарттар жасау. Білім алушылар мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (мамандар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың презентациялары, қонақ дәрістері және т.б.) Кәсіпорындардың мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында курстар мен семинарлар ұсыну. Түлектердің мансабының дамуын қадағалау үшін байланысты орнату, қолдау және дамыту. Университет түлектеріне мансаптық жоспарларын жүзеге асыруға көмек көрсету; түлектердің кәсіби дағдылары мен қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оларды еңбек нарығына сәтті бейімдеу үшін дайындық курстар мен семинарлар ұйымдастыру; еңбек нарығы талап ететін білім алушылардың жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша арнайы тренингтер, курстар, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу; компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, түйіндеме жазуға кеңес беру, сұхбаттасу, психологиялық бағдар немесе басқа қызмет саласына бейімдеу; білім алушылармен ақпараттық, кәсіптік бағдар беру және мансапты жоспарлау бойынша жұмыс жүргізу; жұмысқа орналасуға көмек көрсету және түлектердің мансаптарының ары қарай дамуын бақылау. Еңбек нарығына зерттеу жүргізу және білім алушыларға нарық болжамдарын және жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпаратты беру; еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға көмек; мамандандыруды одан әрі таңдауға байналысты оқыту тракеториясын таңдауға көмек; іс-тәжірибе өтетін орынды таңдауға көмек.
Осы аталған міндеттерді орындау бойынша Жаңаарқа ауданының Мансап орталығының сандық мәліметтеріне сүйенсек атқарылған жұмыстар көңіл көншітеді.
Биылғы жылы аудан бойынша 641 адам тұрақты жұмыс орнына орналасқан, оның ішінде қоғамдық жұмыс орындарына 180 адам кіріскен. Жастар тәжірибесі бойынша 33 адам еңбек етіп жатса, «Күміс жас» жобасы бойынша 48 адам жұмысқа орналасқан.
«Күміс жас» жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз адамдар үшін арнайы әзірленген. Оған бір жылдан астам жұмыс істейтін және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүргізетін кәсіпорындар мен ұйымдар қатыса алады. Қатысудың тағы бір шарты — жалақы бойынша қарыздардың болмауы тиіс. Қатысу мерзімі — 1 жылдан аспайды, қатысу кезеңінде халықты жұмыспен қамту орталығы зейнеткерлік жас алдындағы адам жалақысының бір бөлігін бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды. Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнеткерлік жасқа дейінгі адамды тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 13 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жобаға жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адам орналасса, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты 15 адам ұтып алған. Оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде 5 адам қоныс аударды. Мемлекеттік атаулы көмек 99 отбасына, яғни 498 адамға берілді.
Орталықтың тұрақты жұмысы халық үшін өте маңызды. Бұл орайда Мансап орталығы білікті қызметкерлерден құралған. Жалпы штатта атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша кеңес беретін 7 ассистент, 4 маман, 1 сектор меңгеруші бар. Сектор меңгеруші — Диана Берікқызы Сыздықова, мамандар – Құралай Зарқынова, Луара Қыдыралина, Меруерт Ахметжанова, Эльдар Қойшыбаев, ассистенттер Айгүл Накипова, Күнім Шотанова, Наурызгүл Әбілдина, Гүлім Шанбатырова, Дидар Қаратаева, Әлия Әбдіғазымова, Ақниет Әбенова. Жастар тәжірибесі бойынша Әли Қабылда жұмыс жасауда. Бұл мамандардың көпшілігі бөлім құрылған кезден бастап еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі жандар.
Осы тұста мекемені бірнеше жыл бойы басқарған Венера Ералықызы Тоқанова жайында айтып өту орынды. Ол кісі 2011 жылы жұмыспен қамту орталығы құрылған кезден бастап басшылық етіп, көптеген өрлеу жолдарына себеп болған маман. Ол кісінің біліктілігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, ұйымдастырушылық қабілеті мекемені көп жетістікке жеткізді. Егер де Венера Ералықызы арамызда жүрген болса, әлі күнге дейін орталықтың көшбасшы, тәлімгері ретінде талай жұмыстар атқарар еді. Мансап орталығының қызметкерлері алғашқы басшыларын үнемі құрметпен еске алып, өздерін жауапкершілігі мол істі жалғастырушы ізбасар ретінде есептейді.
— 2011 жылы 20 қазанда Президент Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген еді.
Елімізде ең қиын да жауапты жұмыстардың бірі әлеуметтік сала екендігі мәлім. Себебі, әлеуметтік сала қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар, жұмыссыздар, көп балалы аналармен тікелей жұмыс жасайды. Сан салалы жұмысты асқан жауапкершілікпен жасап келе жатқан сала мамандарының қай-қайсысы да мақтауға тұрарлық. Ендеше әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтаймын,
Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде. Біздің еңбек еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі.
Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Әрқашан аман-сау болып, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын,-деді Мансап орталығының басшысы Малика Ерболқызы өз сөзінде.
Иә, қиын да қажетті мамандық бойынша тер төгіп жүргендіктеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!
Салтанат БАЛТАБАЙҚЫЗЫ