Әлеуметтік қауіптің түрі
Әлеуметтік қауіптер жөнінде сөз қозғалған кезде рухани және мәдени жұтаңдық, қаңғыбастық, жезөкшелік, маскүнемдік, алкоголизм және темекі шегумен байланысты болатын қауіптерді де есте ұстаған жөн. Соңғы 50 жыл ішінде заңгер ғалымдардың жіті назарында қоғам үшін ең қауіпті, әрі ауыртпалықтары да зор болып келетін жезөкшелік атты әлеуметтік құбылыс ілініп отыр.
Жезөкшеліктің тарихы сонау ерте ғасырлардан басталады. Оның «ең көне кәсіп» атаулының да кездейсоқтық емес. Көне дәуірлерден бері қазіргі күндерге дейін жезөкшелік жайлы әр елдердегі философтар, ағартушылар, тарихшылар әлеуметтік феномен ретінде қарастырылған. Әр кезде жезөкшелерге деген көзқарас та, қарым-қатынас та әртүрлі болған: бірде оларды түрмеге қамап, өлім жазасына кессе, бірде олардың кәсіптері заңды деп есептеліп, ашық түрде онымен айналысуға рұқсат берілген. Алайда, ХХ ғасырдың аяғына қарай түрлі жұқпалы аурулардың жаппай етек алғаннан кейін заңды жезөкшелікке деген қарым-қатынас күрт өзгерді. Енді оларды жазалап, қудалау шаралары орын ала бастады. Бұл енді әлеуметтік қауіп ретінде қарастырылды. Бірақ бұл кәсіптің қоғамда әлі де орын алатыны өкінішті.
Жезөкшелік латын тілінен аударғанда prostitute – көпшіліктің алдында өзін көрсету. Бұл некесіз жыныстық қатынасқа түсу формасы, ол жеке қалаушылық пен еріктіліктен, сезімнен тыс болады. Ең басты стимул – табыс табы болып табылады. Жезөкшелер мен реттеушіліксіз жыныстық қатынастарға түсетін әйелдердің айырмашылығы неде? Жезөкше үшін жыныстық акт – табыс табу көзі, темпераментті әйел үшін – мақсат. Жезөкшеліктің өмір сүрушеңдігінің ең басты себебі, өзінің экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретіні. Бұл құбылысты ерекше патологиялық сексуалдықпен мотивациялау күлкілі. Біреулерге ақша қажет бір тығырыққа тірелген кезде, одан шығу үшін, біреулер өзін қалай қамтамасыз етуді білмейді, біреулерді бұл іске зорлықпен тартады.
Жезөкшеліктің қоғамдық қаупі неде? Оның әртүрлі қырларын қарастырайық: әлеуметтік аспект: жезөкшелік әлеуметтік паразитизмнің формасы болып табылады, яғни өмір сүрудің альтернативті формасын туғызады, еңбек ету процесін негізге алмайды (маскүнемдікпен, нашақорлықпен байланысты); медициналық аспект: түрлі венерикалық аурулар мен ЖҚТБ-ның таралуы; Жезөкшелікпен айналысатын әйелдер өздерінің денсаулығын құртады, толыққанды ана бола алмайды және сонымен бірге дүниеге дені сау, толыққанды сәбиді дүниеге әкеле алмайды; моральдық-психологиялық аспект: жезөкшелік адами қасиеттердің жалпы-адамзаттық құндылықтардың құлдырауына, жеке тұлғаның деградациясына, моральдық патологияға алып келеді; құқықтық аспект: ұрлық, спекуляция, наша мен порнографияныңкең таралуы, жеңгетайлық, кәмелет жасқа толмағандарды жезөкшелікке тарту, венерикалық аурулармен ауру.
Не істеу керек? Тыйым салу жезөкшелік пен күресуде тыйымсыз шара, себебі жезөкшеліктің негізінде әлеуметтік себептер бар.
Әлемдегі жезөкшелікпен күреске назар аударсақ, көп елдерде бұған әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Қытайда жезөкшелікпен күресу туралы арнайы Заң бар. Көптеген дамыған, дамушы елдер осы бағытта Заң актілеріне тиісті өзгерістер енгізген.
Қорытындылай келе, жезөкшелікпен күрес бүкілхалықтық, әрі мемлекеттік маңызы бар іс. Сондықтан бұл бағытта кешенді бағдарлама жасалып, оны жүзеге асыру үшін қажетті қаржы мөлшері бөліну керек-ақ. Жезөкшелікке қарсы үгіт-насихат жұмыстарымен қатар жезөкшеліктен пайда болатын түрлі аурулардың алдын алу тәрізді медициналық шаралар да ұйымдасқан түрде жүргізілуі тиіс. «Қызға қырық үйден тыйым салу» тәрізді халық педагогикасын қайта жандандырудың қажеттілігі байқалады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша