Заңсыз кәсіпкерлік дегеніміз не?

Қазақстан Республикасында экономикалық кеңістіктің тұтастығына, тауарлардың, қызметтер мен қаржы қаражаттарының еркін қозғалысына, бәсекелестікті қолдауға экономикалық қызметтің еркіндігіне кепілдік беріледі. Сонымен қатар, монополияға және арам пиғылды бәсекеге бағытталған экономикалық қызметке жол берілмейді. Конституцияға сәйкес әрбір адам заңмен белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуге тиіс. Экономикалық қылмыстар материалдық игіліктер мен өндіру, реттеу, билік ету, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қазіргі кезенде көп орын алған олардың түрлері де, қылмыс саласында алып отырған орны да ауқымды. Экономикалық қылмыстардың себебі материалдық мүдделік. Олар қоғамның, азаматтардың мүдделерін зиян келтіру есебінен пайда тауып жатады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға: кәсіпкерлік қызметті, банктік қызметті, микроқаржылық немесе коллекторлық қызметтік тіркеусіз жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу; пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу; қаржылық пирамиданы құру, жарнамалау; қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру; азаматтың салық төлеуден жалтаруы; экономикалық контрабанда және т.б. жатады. Қазіргі қоғамда өте жиі кездесетін қылмыстардың бір түрі болып табылатыны – заңсыз кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік қызметті, банк қызметін (банк операцияларын), микроқаржылық немесе коллекторлық қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз немесе Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асырғаны, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды. Мысалы, жеке тұлғаның тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрмай, тиісті рұқсатты алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы заңсыз кәсіпкерлік деп табылады.
Заңсыз кәсіпкерлік ең алдымен мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі: біріншіден – әкелінетін және шығарылатын тауарларға белігленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді; екіншіден – елдің эконмикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар әкетіледі.
Жалпы, қоғаммен бірлесе отырып, қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жұмысты жаңдандыру қажет. Экономиканың бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар кешені қаржы- экономикалық рыноктың сапалы тұрақтануын, әлеуметтік әділетсізідікті қалпына келтіруді және халықтың моральдық этикалық қағидаттарын нығайтуды білдіреді.

Бота КАРИМОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *