Дінаралық және ұлтаралық келісім

Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық және дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мәдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мәңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.
Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі және оның әрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келген азаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті.
Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған. Әлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дәрежесіне біріктіру мәселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт ұйытқы және оның айналасында біріктіруші ұлттар дәрежесінде біріктіру саясатын ұстанған. Осылайша, Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты және түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзіндік ерекшелігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні қалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей және ғылыми-әдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді және ол: әлеуметтік-экономикалық, мәдени, ождандық, тұрмыстық және басқа да өзара тәуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мәдени дамуын еркін қамтамасыз ету және олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.

Дін істері бойынша сектор маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *