Адам құқығы мен бостандығы — негізгі құндылық.

Әлемдік қоғамдастық адам құқықтары мен бостандықтарының кешенін сақтауға және қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, оның негізгі құрамдас бөлігі азаптауды және басқа да қатыгез немесе адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасты қолданудан бас тарту болып табылады.
Жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығының бір кепілі – БҰҰ-ның 10.12.1984 жылғы азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясы, оны әлемнің 150 мемлекеті ратификациялады.
Сонымен қатар, азаптау мен қатыгездікке тыйым салу бірқатар басқа халықаралық нормативтік құқықтық актілерді белгілейді: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (5-бабы), «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт» (7-бабы).
Көрсетілген халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттің бірнеше маңызды міндеттемелері, соның ішінде азаптау актілерінен және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазадан бас тарту және оларға жол бермеу міндеттемелері, сондай-ақ тиімді тергеулер жүргізу және осындай әрекеттері үшін кінәлілерді сот тәртібімен жауапқа тарту міндеттемелері туындайды, бұл жалпы адамзаттық жүйеде азаптауға тыйым салудың ерекше маңыздылығын көрсетеді.
ҚР Қылмыстық кодекстің 146-бабына сәйкес тергеушiнiң, анықтауды жүзеге асыратын адамның, өзге де лауазымды адамның адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәлiметтер алу, мойындату, жасаған әрекеті үшiн оны жазалау, сондай-ақ қорқыту, мәжбүрлеу мақсатымен, кемсiтуге негiзделген тән зардабын және психикалық зардап шектiруi азаптау деп танылады.
Мемлекет басшысы 16.03.2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу жөніндегі функцияларды Бас прокуратураға жүктеді. 2023 жылдан бастап азаптауға байланысты қылмыстық істермен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары прокуратура қызметкерлеріне жүктелді. Бұл қадағалаушы орган өкілдеріне деген үлкен жауапкершілік.
Егер бұрын азаптау туралы істерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, полицияның өз қауіпсіздігі басқармалары немесе басқа да қылмыстық қудалау органдары тергеген болса, қазір бұл істерді тек прокурорлар тергеп-тексереді.
ҚР Бас прокуратурасымен «Прокуратура органдарында азаптау туралы істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық бекітілді. Тәжірибе көрсеткендей, заңсыз әрекеттер камералармен қамтылмаған бейне бақылау орындарында немесе олар жұмыс істемейтін жерлерде жасалады.
Бүгінгі таңда, барлық құқық қорғау және түзеу мекемелерінде үздіксіз бейнебақылауды енгізу жалғасуда. Тергеушілерді қоспағанда, уәкілетті емес адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық мән-жайлары бойынша жеткізілген адамдармен қандай да бір келіссөздер, әңгімелер мен сауалнамалар жүргізуіне тыйым салынады. Жеткізілген және ұсталған азаматтар дереу тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін арнайы кабинеттерге ілесіп жүруге тиіс.
Ұстау туралы туысы немесе мүдделі тұлға дереу хабардар етіледі, хаттамада олардың байланыс деректері көрсетілуі тиіс. Аумақтық құқық қорғау органдары басшыларының азаматтарды әкелудің, жеткізудің және ұстаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаптауға жол бермеуге жауапкершілігі бекітілді. 
Дәлелдемелерді жинау, жауап алу және қажетті сот сараптамаларын тағайындау бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу үшін прокурордың азаптау жасалған жерге дереу шығуы бойынша талаптар белгіленді.
Қәзіргі таңда, прокуратура органдары қойылған міндеттерді орындауға кіріскен, азаптау туралы хабарламаларға жүйелі түрде талдау жүргізуге бағытталған.

Жаңаарқа ауданының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *