Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Ұлытау облысында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әкімшілік-басқару құрамы мен педагог-менеджерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және адалдық идеологиясын насихаттау» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өткізді. Семинар-кеңес барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын білім беру жүйесінде қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелер түсіндірілді.

Жиынға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Мейрамханұлы Ермаханбетов, сондай-ақ Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты, «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Мұратбекұлы Сейтпеков қатысты.

Баяндамашылар өз сөздерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, «Адал азамат» қағидатын нығайту, жас ұрпақ бойына парасаттылық пен әділдік құндылықтарын сіңіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында ашықтық пен есептілікті арттыру, басқару үдерістерінің тиімділігін күшейту және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған нақты тетіктер мен тәжірибелік ұсыныстар берілді. Білім беру саласында адалдық идеологиясын тұрақты түрде ілгерілету және профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттілігі ерекше аталды.

Жиын қорытындысында білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандыру және адалдық қағидаттарын жүйелі түрде енгізу маңызды екені атап өтілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ұлытау облысы бойынша департаменті
Сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *