Болашақ дін мамандарымен кездесу: жұмыс мүмкіндіктері түсіндірілді

Ұлытау облысының дін істері басқармасының мамандары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак»Египет ислам мәдениеті университеті студенттерімен, оның ішінде 2026 жылғы түлектермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңірге дін саласы бойынша білікті мамандарды тарту облыс әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі екені атап өтілді.
Осы мақсатта 2024 жылы облыс әкімдігі тарапынан арнайы грант бөлініп, қазіргі таңда 4 студент исламтану және дінтану мамандықтары бойынша білім алуда. Жалпы, аталған оқу орнында бүгінгі күні Ұлытау өңірінен 21 студент жоғары діни білім алып жатыр, оның 6-уы 2026 жылы оқуын аяқтайды.
Іс-шараға басқарма мамандарымен қатар Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Жансарин қатысып, студенттерге өңірдегі еңбек ету мүмкіндіктері мен жұмыс шарттарын түсіндірді және оларды Ұлытау облысында қызмет атқаруға шақырды.
Кездесулер университет қабырғасында және бейресми форматта, дастархан басында ұйымдастырылды.