Адам саудасымен күрес – басты мәселе

Адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған, аяусыз мәселе – адам саудасы. Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі тұрған мәселелердің бірі болып табылады. 
Біздің елімізде де балалар мен әйелдер, тіпті ер азаматтардың өздері де адам саудасының құрбанына айналатын оқиғалар жиі кездесіп жатады. Адам саудасы мәселесі қазіргі өркениетті қоғамда да әлемнің басты проблемаларының бірі.
Бейресми деректерге сәйкес әлемдегі үшінші ірі заңсыз бизнес түріне адам саудасы жатады. Болжам бойынша оның жылдық тауар айналымы 10-15 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл болжам ғана. Өйткені нақты мәліметке қол жеткізу әзірге мүмкін емес. БҰҰ мәліметінше жаһандық адам саудасының көпшілігі Балқан түбегінде, ТМД елдерінде, Оңтүстік Америка құрлығында, Орталық Еуропада, Африкада, Шығыс Азияда орын алады екен. Ал, әлемдегі  адам саудасы құрбандарының 70 пайыздан астамын нәзік жандылар, яғни әйелдер мен қыздар құрайды. Ал, жалпы құрбандардың үштен бірі балаларға қатысты екен. «БҰҰ мәліметтері бойынша, адам саудасының көп тараған түрі — жыныстық қанау, бұл адамдардың трафигіне байланысты жағдайлардың 54% құрайды. Өкінішке орай, ол Қазақстан да бар. Елімізде адам саудасының ең көп таралған түрі әйелдерді жыныстық қанау, сондай-ақ притондар мен жеңгетайлық болып қала береді. Ер адамдар, әдетте, еңбек саласында жұмыс істейді.
Сонымен қатар жаңа туған нәрестелер мен жас балаларды асырап алу үшін сату фактілері анықталды. Бүгінгі таңда осы санаттағы қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеуде белгілі бір тәжірибеміз бар. Бұған адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия түрінде жұмыс істейтін мемлекеттік және азаматтық сектор арасындағы диалог алаңы ықпал етті. Осындай өңірлік комиссиялар облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жанынан жұмыс істейді. Әрбір 3 жыл сайын профилактикалық және практикалық сипаттағы іс-шаралар кешенін қамтитын үкіметтік жоспарлар қабылданады. Зардап шеккендердің құқықтарын қорғау және оларға көмек көрсету үшін елімізде 20-дан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, олармен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылып, ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.


Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *