Жұмыла біріккен саясатпен алға басу жолындағы – Қазақстан
Болашақ Қазақстанның жолында келе жатқан халқымыздың қаншама қиыншылықтан өткендегі ерен еңбегі, зор. Президентімізде өз тарапынан мемлекетті дамыту саясатында көп жұмыс атқарып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының елдің саяси жүйесі «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет» формуласына негізделгенін атап өтті. Сайлау жүйесіндегі өзгерістер олардың ажырамас бөлігі болып табылады, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Ел небәрі бір жылдың ішінде көп нәрсеге қол жеткізді-бұл қазақстандық қоғамның жетілуінің дәлелі екнін атап өтті. Аз уақытта ауқымды жұмысты тек рухы күшті халық қана алып шығатыны сөзсіз. Бірінші президенттік сайлау, содан Сенатқа, мәжіліске және мәслихатқа сайлау өткізіліп, ертеңгі күніміздің ашық болуына жоспарлау іс әрекеттер басталып кетті. Референдумды қосқанда бес сайлау науқаны өтті. Олардың барлығы өте жауапты кезеңге түсіп, қысқа мерзімде ел өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі өтті.
Осы бетімізден қайтпай, алда келе жатқан алғаш өтетін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауынан кейін аудан әкімдерін сайлайтын кезеңімізде дәл осылай жұмыла біріксек бұл біздің алға басу жолындағы нық қадам болады.
Президентіміздің әсер қалдырып, халқымыздың қалауымен үндескен сөздерінің бірі мемлекетіміз, ортақ үйімізді күрделі жөндеуден шұғыл өткізу кажеттілігімен байланысты болды. Ол үшін ел басшылығы мен биліктің барлық тармақтары танымал емес, бірақ тиімді шешімдерінің шұғыл түрде қабылдануымен қоса экономикамыздың даму жолында қайта құруды талап ететін сапалы заңнамалық база қалыптастыру қажет- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ең алдымен, басты мәселелердің шешімін нақты белгілеу көзделді. Оның ішінде ерекше көңіл бөлетін мәселелердің бірі шағын және орта бизнесті қолдау. Халық мемлекет тарапынан бөлінетін грант қаражаттарына соңғы уақытта өз кәсәбән ашу немесе дамыту үшін жаңа-жаңа жобалар ұсынуда. Дегенмен қазіргі таңда шикізат көзін табу басты мақсатта болу қажет. Жан-жақтан алғанша, өзімізде сол шикізат өндіріліп жатса, экономикалық тұрғыда біраз мәселелер шешілетіні анық.
Оның ішінде – фискалдық органдардың бизнеспен өзара іс-қимыл процесін цифрландыру, тауарлық газдың бағасының қайта қаралуы, инфрақұрылымдық даму тәсілдерінің өзгертілуі, фермерлерге жабдық пен техникаға субсидияның берілуі, мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесінің көтерілуі, жәрдемақының өсуі, заңды жоғарғы деңгейдегі жүйеге жеткізу, «Қазақстан-2050 » стратегиясының ревизияға жіберілуі жаңа Қазақстанның жолындағы сенімді, қол жетімді мақсатқа айналғаны қуантарлық жағдай.
Асем Серік,
Ұлытау облысы бойынша Азаматтық Альянс төрағасы.