АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Бұл жолғы қабылдауға 10 тұрғын қатысып, баспана, жер телімі, жарық және балалар ойын алаңына қатысты мәселелер көтерді.
Әрбір өтініш жеке қаралып, аудан басшысы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріп, кейбір мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Азаматтарды жеке қабылдау — тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, оларға дер кезінде жауап беру мақсатындағы жүйелі жұмыс.